Украинадағы соғыс жыл соңында аяқталуы мүмкін

0
137

Украина үкіметінің ресми сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, Ресей басқыншылығы басталғаннан кейін Халықаралық валюта қоры Украинаға қаржылай көмек көрсететін ірі донорлардың үштігіне енген.


Украинадағы соғыс жыл соңында аяқталуы мүмкін

ERNUR.KZ. Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) базалық сценарийі бойынша, Украинадағы соғыс 2025 жылдың соңғы айларында саябырлайды, деп жазады Tengrinews.kz.

Бұл туралы ХВҚ Украинадағы экономикалық жағдайға арналған жетінші шолуында жариялады, деп

Қор сарапшылары әскери әрекеттердің болашағына қатысты өз болжамдарын ұсынды.

“Қауіп-қатер деңгейі өте жоғары болып қалса да, базалық сценарийде соғыс биылғы жылдың соңғы айларында бәсеңдейді деген болжам сақталып отыр, – делінген ХВҚ мәліметінде.

Сонымен қатар, Украина экономикасының 2025 жылғы өсіміне кері әсер ететін жағымсыз факторлар да сақталып отыр. Сарапшылардың айтуынша, бұл – газ инфрақұрылымына жасалған ауқымды шабуылдар мен Покровск маңындағы маңызды көмір шахтасының жабылуы.

Украина үкіметінің ресми сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, Ресей басқыншылығы басталғаннан кейін Халықаралық валюта қоры Украинаға қаржылай көмек көрсететін ірі донорлардың үштігіне енген. Қазіргі таңда Еуропалық одақ пен АҚШ қана ХВҚ-дан көп көмек көрсетіп отыр.