Қазіргі уақытта Үндістан — әлемдегі халқы ең көп ел.
Сурет: pexels
ТАСС мәліметінше, қазіргі уақытта Үндістан — әлемдегі халқы ең көп ел. БҰҰ-ның былтырғы World Population Prospects баяндамасында Үндістан халқы 2060-жылдардың басында шарықтау шегіне жететіні айтылған. Бұл кезде көрсеткіш 1,7 миллиард адамға дейін өсіп, шамамен 40 жылдан кейін төмендей бастайды деп болжануда.
Құжатта орта есеппен әрбір үнді әйелінде екі баладан бар екендігі көрсетілген.
Жалпы, халықаралық ұйымның болжамынша, Жер шарындағы халыұ саны 2080-жылдардың ортасында 10,3 миллиард адамға жетеді.
2024 жылдың қаңтарында Қытай халқы 1,39 миллион адамға азайып, 1,408 миллиардқа түскені хабарланған болатын. The Wall Street Journal басылымы 2035 жылға қарай Қытай экономикалық және демографиялық қысымға тап болуы мүмкін деп жазды.