© Photo : Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрлігі
ERNUR.KZ. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры Үндістанның Нью-Дели қаласында өткен БРИКС халықаралық театр фестиваліне қатысты, деп жазады sputnik.kz.
Театр ұжымы қазақ халқының рухани мұрасы мен ұлттық салт-дәстүрін танытатын "Қыз Жібек" спектаклін сахналады.
Қойылым режиссері – өнертану бойынша PhD докторы Елік Нұрсұлтан.

"Үндістанның Мәдениет және туризм министрі ашылу салтанатында шығармашылық ұжымдарға жылы лебізін білдіріп, халық арасындағы достықты нығайтудағы өнердің маңызына тоқталды және қатысушыларға шығармашылық табыс тіледі", - Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Халықаралық фестиваль театр ұжымы үшін қазақ сахна өнерін әлемдік деңгейде танытуға және елдер арасындағы мәдени ықпалдастықты арттыруға мүмкіндік берді.


