Үндістанда жоғалған ұшақ 13 жылдан соң ғана табылды

0
89

Air India компаниясы жоғалған ұшақты тауып, оны тұраққа қою үшін үлкен айыппұл төлеуге мәжбүр болған.


Үндістанда жоғалған ұшақ 13 жылдан соң ғана табылды

Фото: X/@flyingTrini

ERNUR.KZ. Осылайша, Boeing жолаушылар ұшағының табылуы әуе компаниясы үшін жақсы жаңалыққа ұласпады, деп жазады inbusiness.kz.

The Sun жазуынша, ұшақ 2012 жылдан бері жоғалған деп саналады. Boeing бірнеше жыл бұрын пайдаланудан шығарылып, Үндістан пошта қызметіне жалға берілген. Десе де, қызметкерлердің ауысуы мен құжаттамадағы олқылықтарға байланысты қандай да бір жолмен назардан тыс қалған.

Жағдай тек Калькутта әуежайы әкімшілігінің Boeing 737-200 ұшағын әуежайдан ресми түрде алып тастауды сұрағаннан соң ғана анықталған.

Air India әуелгіде ұшақтың өзіне тиесілі емес екенін хабарлады. Дегенмен ішкі тергеу 30 тонна, 30 метрлік ұшақтың шынымен де жоғалған ұшақ екенін айғақтаған.

Әуе компаниясына тұрақ ережелерін бұзғаны үшін 114 мың доллар айыппұл салынып отыр.

Шенеуніктердің сөзінше, Boeing 737-200 соңғы 5 жылда Калькутта әуежайы аумағында қалдырылған он төртінші ұшақ саналады.