Велосипедтер мен олардың иелері ресми тіркеуге алынады

0
1 368

Бастама бойынша әрбір велосипедтің иесіне куәлік беріледі.


Велосипедтер мен олардың иелері ресми тіркеуге алынады

ERNUR.KZ. Барселонада велосипедтер мен олардың иелері туралы мәліметтер базасы жасақталады. Себебі мұнда екі дөңгелекті көліктің бұл түрін ұрлау жылдан жылға артып келеді, деп жазады 24.kz.

Бірақ соған қарамастан мұнда велосипедтерді ресми тіркеуден өткізу жүйесі бұрын-соңды болмаған. Енді бұл жүйе Blinda la teva bici бастамасы арқылы қолға алынды.

Бастамаға сәйкес, әрбір велосипедтің иесі туралы мәліметтер ресми түрде тіркеуге алынады да жоғалған немесе қолды болған көлік табылған жағдайда оның иесіне қайтарылуы жеңілдейтін болады.

Бастама бойынша әрбір велосипедтің иесіне куәлік беріледі. Құжатта велосипед пен оның иесі туралы мәліметтер көрсетіледі.

Жалпы Барселонада велосипедтер табылған күннің өзінде оның дәл иесін анықтап, қайтару қиынның қиыны екен. Ал осы аталған бастама проблеманы шешеді деген сенім бар.