Венесуэла полициясы елдің Боливар штатында алтын өндірумен заңсыз айналысқандарға қарсы арнайы әскери операция жүргізді. 24.KZ.
Венесуэла полициясы елдің Боливар штатында алтын өндірумен заңсыз айналысқандарға қарсы арнайы әскери операция жүргізді. 24.KZ.
Венесуэла полициясы елдің Боливар штатында алтын өндірумен заңсыз айналысқандарға қарсы арнайы әскери операция жүргізді.
Қақтығыс кезінде 18 адам мерт болған. Полиция өкілдерінің айтуынша, қаза тапқандардың барлығы –қылмыстық топтардың мүшелері. Олар кен орындарын күзеткен. Қақтығыс болған жерден ірі көлемде қару-жарақ табылып, тәркіленді. Дегенмен бұл туралы әлі толық ақпарат таратылмай отыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Венесуэла президенді Николас Мадуро Боливарды стратегиялық маңызды штат деп атаған еді. Сондықтан билік мұндағы қылмысқа қатысты жергілікті тұрғындар мен Бразилиядан келген заңсыз кеншілерге қарсы ауқымды операция бастаған.
Густо Ногуера, Боливар штатының губернаторы:
– Сарбаздарымыз қаруланған қылмыстық топтарға қарсы әскери операция бастады. Қарақшылар да қарап қалмай, қарсылық көрсеткен. Әзірге әскери іс-қимыл туралы нақты ештеңе айта алмаймыз.