Зілзаладан ең көп зардап шеккен Ла-Гуайра штаты тәртіпті қамтамасыз етіп, құтқарушыларға көмектесу үшін әскердің бақылауына өткен.
Фото: Juan BARRETO / AFP via Getty Images
ERNUR.KZ. Венесуэлада жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 900-ден асты, деп жазады ulysmedia.kz.
Ұлттық ассамблея (парламент) төрағасы Хорхе Родригестың сөзінше, жер сілкінісінен 920 адам қаза тауып, 3300 адам жарақат алған. Зілзаладан ең көп зардап шеккен Ла-Гуайра штаты тәртіпті қамтамасыз етіп, құтқарушыларға көмектесу үшін әскердің бақылауына өткен.
Ішкі істер министрі Диосдадо Кабельо Ла-Гуайра штатына баратын жолдардың барлығы жабылғанын мәлімдеді. Оның сөзінше, өзге аймақ халқының ол жерге баруы қажет емес. Жолдарды жабудың мақсаты – адамдардың қауіпсіздігі мен құтқару жұмыстарын жеделдету.
Контекст
Жер сілкінісі сәрсенбі күні кешке Каракастың батысында болды. Бірер минут арасында магнитудасы 7,2 және 7,5 болатын екі жерасты дүмпуі тіркелді. Кейіннен 138 афтершок болған.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жер сілкінісі Венесуэланың алты штатында сезілген.
Венесуэлада ең жойқын жер сілкінісі 1967 жылы болған. Ол кезде Каракастың Палос-Грандес және Альтамира аудандарында тұрғын үйлер қирап, 200-ден астам адам қаза тапқан.


