Якутияда орман өртеніп жатыр

0
427

Жалын 631 мың гектар алқапты шарпыды.


Якутияда орман өртеніп жатыр

ERNUR.KZ. Якутияда 100 табиғи өрт тіркелді, деп жазады inbusiness.kz.


"Бір тәулікте 56,9 мың га алаңда төрт өрт жойылып, тоғыз өрт оқшауландырылды. Өртті сөндіруге 1 765 адам және 191 бірлік техника жұмылдырылды", - делінген ТЖМ таратқан хабарламада.

Төтенше жағдайлар министрлігі елдімекендердің маңында тіркелген алты табиғи өртті ерекше бақылауына алды.

Ғарыштық мониторинг деректеріне сәйкес, түтін Алдан, Нам, Вилюйск, Нюрбинск, Олекмин, Сунтарь, Лена, Вильюйск аудандарының 49 елдімекенінде байқалады.

Айта кету керек, Якутияда өрт қауіпті маусым 6 мамырдан басталды.