Жалақысын ала-алмай жүрген әртістер сахнаға шығудан бас тартты

0
1 329

Аронова актерлер Сергей Шакуров және Михаил Полицеймакомен бірге көрермендерге бар жағдайды түсіндіріп, кешірім сұрау үшін сахнаға шыққан. Спектакльді ұйымдастырушылар, яғни, "АКС-север" концерттік-театрлық орталығы әртістерге сахнаға шыққанға дейін қаламақысын бермеген.


Жалақысын ала-алмай жүрген әртістер сахнаға шығудан бас тартты

Ресейдің Халық әртісі Мария Аронова "Маленькие комедии" спектаклінің актерлерімен бірге жалақыларының төленбеуіне байланысты өнер көрсетуден бас тартты, деп жазады Tengrinews.kz

Аронова актерлер Сергей Шакуров және Михаил Полицеймакомен бірге көрермендерге бар жағдайды түсіндіріп, кешірім сұрау үшін сахнаға шыққан.


Спектакльді ұйымдастырушылар, яғни, "АКС-север" концерттік-театрлық орталығы әртістерге сахнаға шыққанға дейін қаламақысын бермеген. Сондықтан ашуланған актерлер көрермендерді осы компания ұйымдастырып жүрген спектакльдерге билет алудың алдында біраз ойлануға шақырды. Сол сәтте-ақ орталық директоры Мария Ароноваға ақшаның аударылғанын айтады. Осыдан кейін ғана актерлер өнер көрсете бастайды.

Көрермендер болса олардың жағдайы түсіністікпен қарап, қошемет көрсете бастады. Аронованың айтуынша, көрермендердің біреуі де билетті қайта тапсырып, орнынан кетіп қалмаған.