​Қытайда әйел боп танысқан 65 алаяқ еркек түрмеге қамалды

0
1 180

Қытайда интернетте өзін әйел ретінде таныстырған алаяқтар ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


​Қытайда әйел боп танысқан 65 алаяқ еркек түрмеге қамалды

иллюстрациялық фото: eecommerce.ru

Қытайда интернетте өзін әйел ретінде таныстырған алаяқтар ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ktk.kz-ке сілтеме жасап.

65 еркек өздерін әйелмін деп танысып, алаяқтық жасағаны үшін түрмеге қамалды. Ғаламтордағы алаяқтар тобын басқарған жетекшісі 14 жылға түрмеге тоғытылды. Сондай-ақ оған 100 мың юань айыппұл салынды.

Оның 64 көмекшілері де әрбірі 12 жылға сотталды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлайды.

Айта кетсек, бұл пайда табу үшін жынысын ауыстырған алаяқтар туралы алғашқы дерек емес. Ағымдағы жылдың ақпан айында Үнді елінде қалыңдықтың "қалың малын" алу үшін өзін еркекпін деп таныстырған әйел қамауға алынған болатын.