Ұлыбритания азаматы өзінің тайлық әйелін төсек қатынасынан бас тартқаны үшін ұрып өлтірді.
ERNUR.KZ. Ұлыбритания азаматы өзінің тайлық әйелін төсек қатынасынан бас тартқаны үшін ұрып өлтірді, деп жазады life.ru.
51 жастағы Ұлыбритания азаматы өзінің тайлық әйелінің Убонратчатхани қаласында тұратын ата-анасының үйінде қонақта болған. Мерекелік кештен соң ішімдікке масайған ол әйелінің төсек қатынасына қарсы болғаны үшін жұдырық ала жүгіріп, соққыға жыққан. Оқиғаның соңы күйеуінің 29 жастағы әйелін өлгенше ұрып тастауымен аяқталған. Содан соң ол есінен танып құлаған әйелінің үстіне жайманы жауып, өзі ұйқыға кеткен.
Бұл оқиғадан шошынған көршілері бірден полицияға арызданады. Жас әйелдің денесін полицейлер бір ғана ішкиіммен бірқабатты үй маңында жатқан жерінен тауып алады.
Әйелін өлтірген күдікті бірден қамауға алынып, қылмысын мойындаған. Қазір тергеу абақтысында отыр.