Зеленский Курск аймағына қатысты жоспарын бөлісті

0
369

6 тамызда Украина қарулы күштері Курск облысының аумағына басып кірді.


Зеленский Курск аймағына қатысты жоспарын бөлісті

ERNUR.KZ. Украина қарулы күштері Ресейдің Курск облысындағы басып алынған аумақтарды ұстап тұруды жоспарлап отыр, деп жазады sputnik.kz.

"Қазір ол аумақтар бізге қажет. Біз оны ұстап тұрамыз", - деді Владимир Зеленский NBC News арнасына берген сұхбатында.

Зеленскийдің айтуынша, Киев жоспары үшін бұл аумақтардың маңызы зор.

6 тамызда Украина қарулы күштері Курск облысының аумағына басып кірді. Ресей әскері олардың алға жылжуын тоқтатқан.

Курск, сондай-ақ Белгород және Брянск облыстарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін терроризмге қарсы операция режимі енгізілген.