Ақ үй басшысы Украинаға жаңа көшбасшы қажет деп есептейді.
© AP Photo / Efrem Lukatsky
ERNUR.KZ. Владимир Зеленский Ресей және АҚШ президенттері Владимир Путин мен Дональд Трамп арасындағы жылы қарым-қатынасқа назар аударды, деп жазады sputnik.kz.
"Мұның дұрыс немесе бұрыс екенін білмеймін. Өйткені Путинмен дос болу-болмау – Трамптың жеке шешімі. Менің ойымша, олардың қарым-қатынасы өте жақсы", – деді ол ABC арнасына берген сұхбатында.
Сонымен қатар ол өзінің АҚШ басшысымен қарым-қатынасында нақты ненің дұрыс болмағанын түсіндіре алмады.
Сондай-ақ Киев режимінің басшысы АҚШ-қа опасыздық жасады деп айып тақпайтынын айтқанымен, америкалық көмектің жоқтығына қынжылатынын мәлімдеді.
"Мен өз сезімімді айтып отырмын. Бұл қолдау емес", – деді ол.
Wall Street Journal газеті қазан айының ортасында АҚШ президенті Дональд Трамп пен Зеленскийдің қарым-қатынасы 2025 жылдың ақпанында Ақ үйде болған сөзталастан бері ең төменгі деңгейде тұрғанын атап өтті.
Ақ үй басшысы Украинаға жаңа көшбасшы қажет деп есептейді.


