Зеленский соғыстың қашан аяқталатынын айтты

0
629

Зеленский елді НАТО-ның құрамына енгізу соғыстың аяқталуын жақындатады деп санайды.


Зеленский соғыстың қашан аяқталатынын айтты

ERNUR.KZ. Украина президенті Владимир Зеленский соғыстың қашан аяқталатынын айтты, деп жазады stan.kz.

Оның пікірінше, соғыс 2023 жылы аяқталуы мүмкін. Бірақ бұл "көптеген факторларға" байланысты. Зеленский елді НАТО-ның құрамына енгізу соғыстың аяқталуын жақындатады деп санайды.

"Соғыс биыл аяқталуы мүмкін. Бұл бірнеше құрамдас бөліктерге байланысты. Егер ұрыс даласында ілгерілеушілік болса, оларға қысым жасап, рухын толығымен сындырамыз", - деді Зеленский.

Бұған қоса, ол Ресеймен келіссөз жүргізу керектігін, бірақ бұл "ресейлік күш Украина жерінен толықтай шығарылғаннан кейін" мүмкін екенін айтты.