Президенттің өзі мен балаларының коронавирусты анықтауға тапсырған сараптамалары теріс нәтиже көрстекен.
ERNUR.KZ. Украина президенті Владимир Зеленскийдің әйелі Елена Зеленскаяға пневмонияға диагнозы қойылып, ауруханаға жеткізілді, деп жазады tengrinews.kz.
"Украина президентінің әйелі Елена Зеленская Киевте ауруханаға жеткізілді. Өткен аптада одан коронавирус анықталған еді. Елена Зеленскаяға COVID-19 диагнозы қойылды. Сондай-ақ, орта деңгейдегі екіжақты пневмония анықталған. Жағдайы тұрақты", - делінген хабарламада.
Дереккөз мәліметінше, президенттің өзі мен балаларының коронавирусты анықтауға тапсырған сараптамалары теріс нәтиже көрстекен.