Олар сахнада "Это любовь" әнін орындады.
фото: ашық дереккөзден
ERNUR.KZ. Ержан Максим мен Алсудың қызы Микелла Абрамова "Новая волна" байқауында бірге өнер көрсетті. Олар сахнада "Это любовь" әнін орындады деп жазады nur.kz.
Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін халықаралық байқау Қырымда болды. Мерекелік шара барысында "Голос. Дети" шоуының алтыншы маусым финалистері Ержан мен Микелла қонақ болып өнер көрсетті. Жас әншілер "Это любовь" композициясын бірге шырқады.
Айта кетейік, аталған туынды қос әртіске бірнеше апта бұрын арнайы жазылды. Teleprogramma.pro басылымы таратқан ақпаратқа сәйкес, ресейлік жұлдыздың қызы Ержанмен бірге ән айтуды Алсумен ақылдаса отырып шешкен.
Көрермендер екі жас орындаушының вокалдық қабілеттерін жоғары бағалады.