Олар жөргек баланың жүрісіне, тіпті жамбас буынының дұрыс дамуына кері әсер етуі мүмкін деген тоқтамға келді.
ERNUR.KZ. Жапон ғалымдары жөргекті тым ұзақ киіп жүруге мәжбүр балалардың жамбас буынына зақым келетінін анықтады деп жазады kaz.nur.kz.
Токио зерттеу лабораториясының ғалымдары ата-аналарға балаларының жөргегін уақытылы ауыстырып отыруға және сәбиді жөргектен тынықтырып отыруға кеңес беруде. Олар жөргек баланың жүрісіне, тіпті жамбас буынының дұрыс дамуына кері әсер етуі мүмкін деген тоқтамға келді.
"Балалардың аяғын дұрыс басып, дұрыс жүріп үйренуі кезінде жөргектерді дұрыс пайдаланбау оның жүрісіне, қозғалыс тұрғысынан дамуына кері әсер етуі мүмкін. Біз осы орайда жөргекті ұзақ уақыт киіп жүру балалардың жүрісіне қалай әсер ететінін зерттеп көрдік", - дейді ғалым Томоя Уэда.
Зерттеуге 26 бала қатысты. Олардың орташа жасы - 19,2 ай. Барлығының жүріп үйренуіне жарты жылдай уақыт кеткен және бәрі де жөргекпен өскен.
Ғалымдар жөргекпен жүрген кезде баланың табиғи жүрісіне кедергі туындайтынын, оның еркін қозғалуы қиындай түсетінін анықтап отыр.
"Жөргек киген балаларға әр қадамын әдеттегіден алшақ басуға тура келеді", - дейді Томоя Уэда.
Одан бөлек, жөргектің салмағы көбейген сайын аяққа жүктеме арта түседі деп санайды ғалымдар.
"Ата-аналардың барлығы біржолғы жөргектерді баласы кіші дәретке барған сәтте бірден ауыстыра қоймайды, әбден толғанға дейін ауыстырмай жүріп алады, бұл зиян", - дейді олар.