Жапония шекарасын бір айға жабады

0
1 958

Дегенмен Жапония келісімшарттары бар өзге елдердің кәсіпкерлерін қабылдайды.


Жапония шекарасын бір айға жабады

ERNUR.KZ. Ұлыбританияда анықталған коронавирустың жаңа штаммына байланысты Жапония үкіметі шекараларын жабатын болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа ереже ертеңгі күннен бастап күшіне еніп, бір айға жалғасады. Сондай-ақ,виза беру де уақытша тоқтатылады. Ал Жапония азаматтары мен тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктер елге оралғанда, екі апта бойы карантин тәртібін сақтауы тиіс. Дегенмен Жапония келісімшарттары бар өзге елдердің кәсіпкерлерін қабылдай береді.