Жапония Украинаға көмек көрсетуді жалғастырады

0
200

Токиода өткен баспасөз мәслихатында журналист шенеуніктен Ресей президенті Владимир Путиннің кешегі ауқымды баспасөз конференциясына үкімет атынан түсініктеме беруді сұрады.


Жапония Украинаға көмек көрсетуді жалғастырады

фото: AP Photo / Kiichiro Sato

ERNUR.KZ. Жапония Украинаға көмек көрсетуді жалғастырады және Ресейге қарсы қатаң санкцияларды сақтайды, деп жазады sputnik.kz.
Токиода өткен баспасөз мәслихатында журналист шенеуніктен Ресей президенті Владимир Путиннің кешегі ауқымды баспасөз конференциясына үкімет атынан түсініктеме беруді сұрады. Путин "Ресейдің ұрыс даласындағы жағдайына сенімді" екенін, сонымен қатар Ресей Украинамен келіссөз жүргізуге дайын екенін айтқан болатын.
"Президент Путиннің сіз айтып отырған мәлімдемелерінен хабардармыз. Біздің үкіметтің ұстанымы өзгермейді... Украина бойынша келіссөздерге келетін болсақ, бұл ең алдымен украин халқының қалауы болуы керек. Біздің еліміз халықаралық қауымдастықпен бірге Украинаны табанды түрде қолдауды және Ресейге қарсы қатаң санкцияларды ұстануды жалғастырады", - деді бас хатшының орынбасары.