Жапонияда бокс кешінен кейін 2 спортшы көз жұмды

0
65

Тағы біреуі ауруханада жатыр.


Жапонияда бокс кешінен кейін 2 спортшы көз жұмды

Фото: Sports.kz

ERNUR.KZ. Жапонияда өткен бокс кешінен кейін жекпе-жек кезінде ауыр бас жарақатын алған екі спортшы көз жұмды. Тағы бір боксшы қазір ауруханада ем қабылдап жатыр, деп жазады stan.kz.

Аталған бокс кеші 2 тамыз күні өткен. Оған Сигетоси Котари мен Хиромаса Уракава да қатысқан.

Басылым мәліметінше, Котари 12 раундтық жекпе-жекте Ямато Хатамен күш сынасты. Жекпе-жектен кейін ол ауруханаға жеткізілген. Бірнеше күн комада жатып, 8 тамызда миына ота жасалғаннан кейін дәрігерлер оның қайтыс болғанын хабарлады.

Хиромаса Уракава Едзи Саитомен жекпе-жекке шыққан. Сегізінші раундта нокаутпен жеңілгеннен кейін ол да ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер бірнеше күн бойы оның өмірі үшін күрескенімен, 9 тамызда спортшы көз жұмды.

Сонымен қатар жапон басылымдарының хабарлауынша, Ямато Хата да ауруханада ауыр халде жатыр.

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) спортшылардың қазасына байланысты көңіл айтты.

"Бұл өте ауыр кезеңде біз өзіміздің шын жүректен шыққан көңіл айтамызды олардың отбасыларына, достарына және бүкіл жапондық бокс қауымдастығына жолдаймыз", – деп мәлімдеді ұйым.