Жапонияда мысық вокзал басшысы болып тағайындалды

0
110

Енді ол жолаушыларға жақсы көңіл күй сыйлауға жауапты құрметті лауазымды атқарады.


Жапонияда мысық вокзал басшысы болып тағайындалды

Сурет: wakayama-dentetsu.co.jp

ERNUR.KZ. Жапонияның Киси стансасында Ёонтама атты ала мысық ресми түрде вокзалдың басшысы қызметіне тағайындалды, деп жазады zakon.kz.

Енді ол жолаушыларға жақсы көңіл күй сыйлауға жауапты құрметті лауазымды атқарады. 7 қаңтар күні жаңа "станса басшысы" салтанатты түрде жұртшылық пен вокзал ұжымына таныстырылды. Тағайындау туралы ақпарат вокзалдың ресми сайтында жарияланған.

"Басшының" міндеттеріне жолаушыларды қарсы алу, түрлі іс-шараларға қатысу және стансада жағымды атмосфера қалыптастыру кіреді. Мысыққа жаңа мәртебесін білдіретін медальон табысталып, мойнына тағылды.

Сондай-ақ Ёонтаманың екі орынбасары таныстырылды, олар қазір тәжірибеден өтіп жатыр.

Белгілі болғандай, бұл дәстүр 2007 жылы Тама есімді мысықтан бастау алған. Ол әлемнің түкпір-түкпірінен туристерді тартып, аймақ экономикасына шамамен 1,1 млрд жапон иенасы көлемінде табыс әкелген және құлдырау алдында тұрған шағын теміржол желісін қайта жандандыруға көмектескен.