Әйел бұрын бағбан болып жұмыс істеген және үлкен ботаникалық баққа иелік етеді.
Фото: SCMP
ERNUR.KZ. Жапонияда 23 жастағы жігіт сыныптасының 83 жасар әжесіне ғашық болып, оған үйленуді жоспарлап отыр, деп inform.kz.
Басылымның жазуынша, олар өткен жылдың 14 ақпанында, Валентин күні танысқан.
Алты айдан кейін олар туыстарына ашық түрде көрініп, бір үйде тұра бастады. Отбасы мүшелері олардың қарым-қатынасын толығымен мақұлдады.
Әйел бұрын бағбан болып жұмыс істеген және үлкен ботаникалық баққа иелік етеді. Екі рет тұрмыс құрған, бір ұлы, бір қызы және бес немересі бар. Соңғы рет ажырасқаннан кейін ол ұлымен бірге тұра бастады.
Ерлі-зайыптылардың сұхбаты мен олардың махаббат хикаясы әлеуметтік желіде тез тарады.
Біреулер олардың қарым-қатынасын қолдап, «махаббат жасқа қарамайды» деп пікір білдірсе, енді бірі жас жігіттің әрекетін қатаң айыптады.
Еске сала кетейік, Криштиану Роналду балаларының анасына үйлену туралы ұсыныс жасады.