Жапонияда жер сілкінісі кезінде 30-дан астам адам суықтан көз жұмған

0
392

Елдегі жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 238 адамға жетті.


Жапонияда жер сілкінісі кезінде 30-дан астам адам суықтан көз жұмған

ERNUR.KZ. Жапонияда жер сілкінісінен қаза тапқан 30-дан астам адамның өліміне аязды ауа райы себеп болған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бұл туралы NHK телеарнасы полицияның зерттеу деректеріне сілтеме жасап хабарлады.

«Олар көмек күтіп жатқан кезде қатты суықтан тоңып көз жұмған деген болжам жасалып отыр. Мамандардың айтуынша, табиғи апаттар кезінде мұндай өлім пайызы әдеттегіден әлдеқайда жоғары болады. Бұған Ното аумағында жылдың осы мезгілінде ауа температурасы нөлден төмен болып тұрады», - делінген хабарламада.

Айта кетсек, жақында ғана Жапонияның Исикава префектурасының Ното ауданында болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 238 адамға жетті. 19 адамнан әлі күнге дейін хабар-ошар жоқ. 14,5 мыңнан астам адам әлі де эвакуациялау пункттерінде тұрып жатыр. 40 мыңнан астам үй ішінара немесе толықтай қирап қалған. Исикава префектурасында 40 мыңға жуық үй шаруашылығы сусыз қалды.