Қазір ол ауыр халде ауруханада жатыр.
ERNUR.KZ. Белгісіз біреу Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэге шабуыл жасады, деп жазады inbusiness.kz.
Оқиға 8 шілдеде Нара қаласында жергілікті уақыт бойынша 11:30-да болған. Алдын ала мәлімет бойынша, қаскөй Жапония үкіметінің бұрынғы басшысы жиында сөз сөйлеп жатқан кезде оқ атқан. Қазір экс-премьер ауруханада ауыр халде жатыр. Ол комаға түскен.
Полиция Нара префектурасында шабуыл жасаған қаскөйді ұстады.
Оқиға орнында 30-ға жуық адам болған. Қазір ол жерде полиция жұмыс істеп жатыр.
Абэ Жапонияның премьер-министрі қызметін екі рет атқарды: 2006-2007 және 2012-2020 жылдары. 2020 жылдың 28 тамызында ол отставкаға кететінін жариялаған болатын. Ол денсаулығына байланысты осындай шешім қабылдағанын мәлімдеді.