Жердің айналу жылдамдығы артты

0
109

Уақыт есебі өзгеруі мүмкін.


Жердің айналу жылдамдығы артты

Фото: today.ua

ERNUR.KZ. Жердің өз осінен айналу жылдамдығының өзгеруі әлемдік уақытты есептеу жүйесіне әсер етуі ықтимал, деп жазады inbusiness.kz.

Жердің айналуына мұздықтардың еруі, атмосфералық ағындар және Айдың тартылыс күші ықпал етеді. Соның салдарынан астрономиялық және атомдық уақыт арасында айырмашылық пайда болады.

Бұл айырмашылықты теңестіру үшін 1972 жылдан бастап "кібісе секунд" енгізілген. Содан бері уақыт есебіне 27 секунд қосылды. Соңғысы 2016 жылы енгізілген.

Алайда 2020 жылдан бері Жердің айналуы жылдамырақ бола бастаған. Сондықтан алғаш рет "теріс кібісе секунд" енгізу, яғни уақыт есебінен бір секундты алып тастау мәселесі көтерілді.

Мамандар тұрақты түрде секунд қосудың орнына айырмашылықты ұзақ уақыт жинап, бірнеше ғасырда бір рет "кібісе сағат" енгізуді ұсынып отыр. Бұл мәселе қазан айында Версальда өтетін Өлшемдер мен салмақтар жөніндегі жиырма сегізінші Бас конференциясында қаралуы мүмкін.