62 жастағы Ханс-Питер Макты полиция дүйсенбіден бері іздеген.
ERNUR.KZ. Таиланд билігі жоғалып кеткен неміс кәсіпкерінің бөлшектелген денесін мұздатқыштан тапты, деп жазады stan.kz.
62 жастағы Ханс-Питер Макты полиция дүйсенбіден бері іздеген. Оның бөлшектелген денесі Таиландтың оңтүстігіндегі Нонг Пру қаласындағы жалдамалы үйіндегі мұздатқыш ішінен табылған.
Екі неміс азаматы күдікті ретінде қамауға алынды.
Таиландттың шығысындағы Паттайя қаласына әйелімен бірге кеткен Мак 4 шілде күні жоғалып кеткен. Оның қайда екені туралы ақпарат алу үшін отбасы 3 миллион бат (86 мың доллар) ұсынған. Жоғалған кәсіпкердің көлігі жексенбі күні Нонг Пру қаласындағы кондоминиум тұрағынан табылды.
Таиланд телеарнасында жарияланған кадрларға сәйкес, тергеушілер мәйіттің жанынан ара, бақша қайшылары мен пластик орамдар тауып алған. Полиция басшысы Нонг Пру да жәбірленушінің банктік шотынан қомақты ақша жоғалғанын мәлімдеді.
Ол неміс кәсіпкерінің сүйегі кейінірек бейнебақылау камераларының көмегімен табылғанын айтты, бірақ егжей-тегжейлі мәлімет бермеді.
Жергілікті тележүргізушінің хабарлауынша, 4 шілдеде кешкі асқа келмеген соң Мактың әйелі оған телефон соққан. Кәсіпкер әйеліне қайта қоңырау шалатынын және жанында клиент бар екенін айтқан. Бірақ Мактың әйелі Тайландтық БАҚ-қа Мак оған бірде бір рет хат жазбағанын айтқан.