Жөтелге қарсы сироп ішкен 17 бала қайтыс болды

0
110

Қайғылы жағдай Үндістанның Мадхья-Прадеш штатында болған.


Жөтелге қарсы сироп ішкен 17 бала қайтыс болды

ERNUR.KZ. Үндістанда 17 бала жөтелге қарсы сироп ішкеннен кейін қайтыс болды, деп жазады baq.kz.

Қайғылы жағдай Үндістанның Мадхья-Прадеш штатында болған. Бес жасқа дейінгі балалар соңғы бір ай ішінде құрамында улы диэтиленгликоль бар жөтелге қарсы дәріні ішкеннен кейін көз жұмған.

Тексеру нәтижесінде оның мөлшері рұқсат етілген деңгейден шамамен 500 есе жоғары болғаны анықталды.

Тергеу барысында сироптың құрамында улы диэтиленгликоль бар екені анықталған. Бұл химикат техникалық мақсаттарда қолданылады және адам денсаулығы үшін өте қауіпті. Талдау нәтижесі оның концентрациясы рұқсат етілген деңгейден шамамен 500 есе жоғары болғанын көрсеткен, - деп жазады басылым.

Қазіргі таңда Үндістанның бірнеше аймағында бұл сироптың сатылымы тоқтатылды.

Балалардың өлімінен кейін компания иесі Ранганатан ұсталды.

Тергеу барысында бақылау формалды түрде немесе бұзушылықпен жүргізілгені болжанып отыр.

Үндістан заңына сәйкес, дәрі өндірушілер әрбір шикізат пен дайын өнімнің партиясын міндетті түрде тексеруі тиіс.

2023 жылдан бастап жөтелге қарсы сироптардың экспортына қосымша тексеру талап етіледі. Мұндай шара Гамбия, Өзбекстан және Камерунда 10-нан астам баланың қазасы Үндістанда өндірілген сироптармен байланыстырылғаннан кейін енгізілген.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) бұл жағдай Үндістандағы дәрілердің ішкі нарықта сатылымға шығарылмас бұрын тексерілуіндегі "реттеуші олқылықты" көрсетіп отыр деп мәлімдеді.

Сондай-ақ ұйым кейбір өнімдердің бейресми түрде экспортталуы мүмкін екенін ескертті.

Осы аптада Үндістан билігі азаматтарға жергілікті өндірістегі тағы екі сиропты — Respifresh және RELIFE-ті қолданбауға кеңес берді. Гуджарат штатындағы Shape Pharma және Rednex Pharmaceuticals компаниялары өндірген бұл дәрілердің құрамынан да дәл сол улы химикат табылған.

Shape және Rednex компаниялары бұған қатысты түсініктеме беруден бас тартты.

"Әлемнің дәріханасы" атанған Үндістан бүгінде өндіріс көлемі бойынша АҚШ пен Қытайдан кейінгі үшінші ең ірі дәрі-дәрмек өндіруші ел болып саналады.

Айта кетейік, бұл ел АҚШ-та қолданылатын дәрі-дәрмектердің шамамен 40 пайызын, ал көптеген африкалық елдерде тұтынылатын барлық дәрілердің 90 пайыздан астамын жеткізеді.