19 жастағы жүкті қызды клубқа құрбылары алып келген.
иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден
ERNUR.KZ. Францияның Тулуза қаласының тұрғыны түнгі клубта билеп жүріп босанып қалды, деп жазады Stan.kz.
Оқиға 11 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 5:30-да орын алған.
«Клуб жабылайын деп жатқан. Аз адам жүрген еі. Қызметкерлердің бірі жүгіріп келіп, шұғыл көмек керек екенін айтты. Сол кезде келушілердің бірі босанғалы жатқанын көрдім», - дейді түнгі клубтың басшысы.
Мұнан кейін клуб қызметкері жедел жәрдем шақырған. Өз кезегінде кезекші оператор қалай босандыру керегін түсіндіріпті.
«Бұл біртүрлі жағдай болды. Командамыз жабылып жұмыс істеді. Соңында жылап жібердік. Абырой болғанда, ешқайсымыз қорқып, абдырап қалмадық. Оны босандыру қолымыздан келді», - дейді клуб менеджері.
Оның сөзінше, 19 жастағы жүкті қызды клубқа құрбылары алып келген екен. Олар құрбысының көңіл көтергенін қалаған.
«Ол ішімдік ішкен жоқ», - дейді клуб басшысы.
Түнгі клуб өкілдері жаңа туған нәрестенің болашақта клубқа еркін кіре алатынын айтады.