Жұмысшы басына кірген шегені байқамай қалған

0
1 341

Компьютерлік томография басында 48 миллиметрлік шеге тұрғанын көрсеткен.


Жұмысшы басына кірген шегені байқамай қалған

ERNUR.KZ. Қытайдың Хубэй провинциясындағы цемент зауытындағы жұмысшының басынан шеге анықталды, деп жазады nur.kz.

Жұмысшының бір апта бойы басы ауырған. 5 қазан күні ол шыдамай дәрігерге барыпты.

Науқастың қан қысымы мен басқа да көрсеткіштері қалыпты деңгейде екені анықталған.

Алайда компьютерлік томография басында 48 миллиметрлік шеге тұрғанын көрсеткен.

Ең қызығы, жұмысшы шегенің басына қалай кіргенін білмейтін болып шықты.

"Басыма шеге қалай кіргенін білмеймін. Мен фабрикадағы бейнебақылау камераларын қадағалап отырамын. Шегемен жұмыс істемеймін", - деді таңғалған жұмысшы.

Дәрігерлер науқасты Ухань қаласына жіберген. Онда оған ота жасалып, басындағы шеге алынады.

Айта кетер болсақ, 2017 жылы АҚШ-та жүрегіне кездейсоқ шеге қағып алған азамат жайында хабар тараған еді. Ол жүрегіне шеге қағып, одан кейін өз көлігіне отырып, ауруханаға өзі барған екен.