​Тексерушілерді тексер! Алаяқтар тұрмыста қандай схемаларды қолданады

0
289

«Коммуналдықтар» әлеуетті құрбандарын анықтау үшін телефон соғып шығады немесе өздері пәтерлер аралаудан ерінбейді.


​Тексерушілерді тексер! Алаяқтар тұрмыста қандай схемаларды қолданады

ERNUR.KZ. Қазіргі заманның алаяқтары өздерін банктердің, полицияның, мемлекеттік органдар мен реттеушінің қызметкерлері ретінде таныстырғанды жақсы көреді. Алайда, соңғы кездері етек алған үрдіс - алаяқтар өздерін тұрмыстық қызмет көрсететін қызметкерлер деп таныстырып, адамдарды, әсіресе, егде жастағы адамдардың сеніміне кіріп, алдауда.

Мына затыңыз сынайын деп тұр!
Алаяқтар зейнеткерлерді дәл осылай қорқытуды әдетке айналдырған, олар өздерін тұрмыстық-коммуналдық қызметтердің, сервистік компаниялардың, сумен қамтамасыз ететін және басқа да кәсіпорындардың қызметкерлеріміз деп таныстырады. Ретімен қарап көрелік.
Алдымен мұндай «коммуналдықтар» әлеуетті құрбандарын анықтау үшін телефон соғып шығады немесе өздері пәтерлер аралаудан ерінбейді. Олар, ең алдымен, егде жастағы адамдармен, жалғыз басты әйелдермен, және бір қызығы, студенттер және жалпы жастармен байланысқа түсуге тырысады. Оның себебі жастардың барлығы үйдің тұрмыс-тіршілігіне көп араласпайды және коммуналдық қызметтердің ережелерін білмейді.
Алаяқтар өздерін кез-келген қызметтің бірінің өкіліміз деп таныстырады және қазіргі уақытта кейбір маңызды бөлшектерді тексеру/техникалық қызмет көрсету/ауыстыру жүргізіліп жатқанын хабарлайды, бұл есептегіш құралдары, су құбырлары, пластикалық терезелер, домофон және т. б. болуы мүмкін. Сондықтан тұрғындар, біріншіден, бөлмеге кіруге рұқсат берулері керек, екіншіден, әлбетте табылуы мүмкін ақауларды жөндеу қажет деп айтады.
Әрі қарай, қаскүнемдер екі тактиканы қолданады. Біріншісі - тікелей қорқыту. Олар сіздің үйіңіздегі құрылғылар бұзушылықтармен орнатылған, егер оны дереу жөндемесе, тұрғындарға үлкен айыппұл салынады деп қорқытады. Және оны тез арада жасау қажет, әрине, белгілі бір ақы үшін, оның сомасы әжептәуір болуы мүмкін, дегенмен де ықтимал айыппұл сомасынан әлдеқайда төмен. Бұған қосымша, алаяқтар ақауды акті толтырмай жөндегендері және проблеманы тез арада шешкендері үшін ақы талап етулері мүмкін.
Екінші тактика «жіберіп алған пайда тәуекелі» ұғымын қолданады. Тұрғындарға олардың техникасы қазірдің өзінде «қалт-құлт» етіп, сынғалы тұрғанын және біраз уақыттан кейін міндетті түрде істен шығады деп хабарлайды. Егер бұл орын алса, онда айыппұлдар, оның салдарын төлеуге тура келеді-мыс. Жоспарлы ауыстыру өте қымбатқа түседі. Алайда, дәл қазір акция өтіп жатыр, оның аясында сіз бәрін бірнеше есе арзан жасай аласыз. Кейде мұндай схемаларды, терезе, есік немесе ас үй жабдықтарын сататын компаниялар қолданады. Олар үлкен жеңілдіктер ұсынады, алайда, іс жүзінде олардың тауарлары мен қызметтері нарықтан бірнеше есе қымбатқа түседі. Әдетте, бұл схема ұсыныстың «ерекше және шектеулі» дегенге сенетін аңғал зейнеткерлерге арналған.
Мұндай «тексерушілердің» келуінде тағы бір қауіп бар – олар жеке деректер жинауға тырысады. Әдетте, олар пікіртерім мен сауалнама жүргіземіз деп айтулары мүмкін. Алайда, бұдан басқа, олар жағдайды зерттейді, құрбанынан барынша қандай сома алуға болатынын есептеу үшін техника мен заттардың құнын бағалайды.
Жиналған деректер кейін сіздің туыстарыңызға қатысты алаяқтық схемаларда қолданылуы мүмкін, олармен байланысқан кезде қаскүнемдер өзіңіз ғана білетін өміріңізді жайттарын айтуы мүмкін.
Енді - ең бастысы. Алаяқтармен қарым-қатынас және кез келген қызметтер үшін оларға ақша беру сіздің мәселеңізді бәрбір шешпейді және шынайы тексеруден және тұрмыстық құрылғыларды белгіленген тәртіпте ұстау қажеттігінен босатпайды.
Салықтар, төлемдер және контрагенттер
Алаяқтар «басуды» жақсы көретін тағы бір осал нүкте – есептілік және төлемдер. Бұл негізінен жас кәсіпкерлер үшін қауіпті. Алайда жалданып жұмыс істейтін тұрғындар да жалған тексерушілердің қақпанына түсулері ықтимал.
Әдетте олар мессенджерлерде іс-әрекеттесуді дұрыс көреді – жалған анықтамалар, үзінді көшірмелер немесе, керек десе, уәкілетті органдардың қаулыларын да жіберулері мүмкін. Осыдан кейін «маман» әлеуетті құрбанмен тікелей байланысып, оның қорқынышты салдарлары туралы хабарлайды. Өзін ресми тұлға, мысалы, салық инспекторымын немесе қаржылық мониторинг қызметкерімін деп таныстырады.
Алаяқ әңгіменің соңында дәл қазір бейресми шотқа белгілі бір сома аудару арқылы «мәселені шешуді» ұсынады. Не ресми деректемелері бар шынайы сияқты төлем түбіртегін ұсынуы да мүмкін.
Үшінші тұлғалардың шоттарына ақша аудара отырып, сіз мұны ерікті түрде жасайсыз. Әсіресе аударым банктер арасында болған болса. Алайда, мұнда дропперлік схемалар да болуы мүмкін. Яғни, сіз ақшаны біздің отандастарымызға аударасыз, олар өз кезегінде ақшаны тізбек бойынша одан әрі аударады не қолма-қол ақшаға айналдырып, алаяқтарға береді. Мұндай жағдайда түпкілікті алушыны анықтау өте қиын.