ТЖМ қызметкері бұрынғы жұбайына шабуыл жасағаны үшін қамауға алынды

0
287


ТЖМ қызметкері бұрынғы жұбайына шабуыл жасағаны үшін қамауға алынды

ERNUR.KZ. Әзербайжанның Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкері бұрынғы әйеліне шабуыл жасағаннан кейін ұсталды. Оқиға Уджар ауданындағы дүкендердің бірінде болған, деп жазады Zakon.kz.


Ол 2025 жылғы 13 қыркүйекте күндіз бұрынғы жұбайының жұмыс орнына келіп, онымен сөйлескісі келген. Оның мақсаты — бұрынғы әйелінің отбасына сақтау үшін берген ақшасының бір бөлігін қайтарып алу болған. Ер адам дүкен ішінде әйелден 100 манат (шамамен 31 700 теңге) қайтаруды сұраған.

Әйел әңгімелескі келмей, оны кетуге және мазаламауға өтінген. Артынша ол кетпек болған, алайда ер адам тоқтауын талап еткен. Әйел оның сөзін елемеген соң, ашуға булыққан ер адам оны шашынан ұстап, тартқан. Осыдан кейін жәбірленуші дереу оны ғимараттан шығуын талап еткен, ер адам сол сәтте кетіп қалған.

Уджар аудандық соты ер адамды Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 157-бабы бойынша кінәлі деп танып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындады. Ол сот залында бірден қамауға алынды.