«Цифрлы ауылдың» ауылы алыс емес

0
2 046

Жалпы, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы барысында шалғай ауылдарды жылдамдығы жоғары интернетке қосу жөніндегі жобаның орындалуы мүмкін бе?


«Цифрлы ауылдың» ауылы алыс емес

Цифрлы жүйені өмірге ен­гі­зу арқылы халықтың тұрмыс сапасын арттыру, аймақтың бар­лық салаларын цифрланды­ру, шалғай ауылдарға интернет жеткізу мәселелері 14 тамыз күні облыс орталығында өт­кен «Заманауи ақпараттық техно­логиялар және бизнес» IT-фо­румында айтылды. Цифрлы даму, инновациялар және аэро­ғарыш өнеркәсібі министрі Ас­қар Жұмағалиев, облыс әкімі Бо­лат Бақауов қатысқан форумда «Astana Hub», «Қазақстан Алю­минийі» АҚ, «Ticketon», «Boo­king.com», «ҰАТ» АҚ, С.Торай­ғыров атындағы универ­ситет ғалымдары сөз сөйледі.

– Қазір «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының нәтижесін бәріміз де көріп жүрміз. Бірақ әлі де дамудың алғашқы кезе­­ңіндеміз. Жобалардың жүзеге асуы үшін интернеттің қолже­тім­ділігі маңызды. Қалалары­мызда сапалы интернет бар бол­ғанымен, ауылды жерлерде бұл үлкен мәселе. Бүгін Шақат ауылында бұл бағыттағы жобаның қалай іске асырылып жатқанын көретін боламыз, – деді жиын барысында Асқар Жұмағалиев.

– Жалпы, бұл жоба «Қазақ­те­леком» мен бұрынғы Ақ­парат және коммуникация ми­нистрлігі арасындағы мемлекет-жеке­меншік әріптестігі келісімшарты аясында жүзеге асырылады. Жоба 14 жылға есептелген. 2018-2020 жылдары байланыс же­лілерінің құрылысы, интернетке қосу жұмыстары жүргізіліп, жобаның 2032 жылға дейін қызмет көр­сетуі жоспарланған, – дейді өңір­лік дирекция басшысы Ермек Қуа­нышбеков.

Өңір басшысы Болат Бақауов­тың айтуынша, облыстың цифр­ландыру бойынша көшбасшыға айналуына толық мүмкіндігі бар. Өңір кәсіпорындары «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасына қосылған. Инновациялық технологиялар бойынша 40-қа жуық жоба жүзеге асырылуда.

2018 жылдан бері құны 1,1 млрд теңге тұратын 10 жоба жасалып жатыр. 2022 жылға қарай облыстағы мемлекеттік қызметтердің 85 пайызын электронды форматқа ауыстыру жоспарланған.

Павлодар облысында «Эко­­номика салаларын техно­логиялық жаңарту және цифр­ландыру» бағыты бойынша «Қазақ­стан элек­тролиз зауыты» АҚ, «Қа­зақ­стан алюминийі» АҚ, «Май­қайы­ңал­тын» АҚ, «Каус­тик» АҚ, «Пав­лодар мұ­най-химия зауыты» ЖШС, «Бо­га­тырь Көмір» ЖШС цифрлы жобаға қатысады. Бұл кә­сіп­орын­дардағы цифрлы техно­логиялар экономикалық тиімді­лікке қол жеткізуге, өндірісті оң­тай­лан­дыруға мүмкіндік беруде.

Сол сияқты TKR компаниясы жаттығу құрылғыларын, инте­ра­к­тивті модульдер, оқытуға арналған жүйелер құрастыру, заманауи 3D технологиялар арқылы түрлі құрылғыларды таныстырумен айналысады. Сондықтан жоғары оқу орындары, ірі кәсіпорындар тарапынан сұраныс көп. Қазіргі уақытта TKR компаниясының жобасын «Қазақстан Алюминий» АҚ зауыты пайдалануда. Бағдарлама арқылы қызметкерлерін оқытады.

– Біздің бағдарламалар түрлі бағыттағы деректерді интерактивті түрде бере алады, – деді министр­ге компания өкілдері. Мысалы, жо­ғары оқу орындары John Deere техни­касымен жұмыс істеуді әртүрлі техникамен үйретуі мүмкін. Ал ком­пания виртуалды әлемде сол тех­никаны құрастырады. Студент­тер жасалған техникамен тәжірибеден өте алады.

Жеріміз болса кең, ал ауылдарда халық са­ны азаюда, ауылдардың әр жерде шашырай, шалғайда орналасқаны белгілі. Еліміздің шалғайдағы әр­бір ауылына интернет желісін тар­туға Үкіметтің зор мүмкіндігі, қы­руар қаражаты қажеттігін қосыңыз. Сондықтан Үкімет шағын екі-үш ауылдың басын қосатын тірек ауылдарды дамытатын бағдарлама қабылдады. Шалғай ауылдарды айтпағанның өзінде, тірек ауылдарға бірінші кезекте интернет жетсе, «Цифрлы ауыл» деп аталатын күн де келер деп отыр.

«Қазақтелеком» АҚ Шығыс өңірлік телекоммуни­кация дирекциясының мәлі­метінше, «Ақпаратты Қа­зақстан-2020» бағдарламасына сәйкес ауылдық жерлерде тал­шықтық-оптикалық байланыс желісін тарту жұмыстары жалғасуда. Бұл өңірде 364 ауыл бар болса, қазіргі күні 87 ауыл­ға талшықтық-оптикалық байланыс желісі тартылған.

Өкінішке қарай, интернет жү­йе­сін жасамақ түгілі, аты бар да, заты жоқ осы 32 тірек ауылды өркен­дету үшін қыруар қаражат бөлінді. Нәтижесі қандай? Былтыр жүзеге асырыла бастаған жоба аясында барлығы 9 ауыл немесе 36 мемлекеттік мекеме интернет­ке қосылған. Интернетке қосыл­ған ауылдардың дені аудан орта­лығына, облыс орталығына, қалаға жақын орналасқан ауылдар екені белгілі.

Биыл үш ауданның ауылдарында талшықтық-оптикалық байланыс желісінің құрылысы басталған. 2020 жылдың 1 наурызынан бастап қосымша тағы 20 ауыл мен 74 мемлекеттік мекеме интернетке қосылады деп жоспарланып отыр. Ал өңірдегі 385 ауылдың 356-сы жаңа форматтағы хабар таратумен қамтылған. Өңір бойынша заманға сай 29 радио-телевизиялық стансалар/ РТС/ бар. Шілде айынан бастап өңіріміз жаңа жиіліктегі стандартқа көшіп, цифрлы тарату іске қосылғаны жайлы газетіміздің өткен сандарында жаздық.

Әрине аудан орталықтарында интернет жүйесі бар. Бірақ маман­дар­дың айтуынша, ауылдардағы нысан­дарда, мектепте интернет желісі қосылған күннің өзінде оны пай­далану барлығына бірдей тиім­ді емес көрінеді. Жылдамдығы аз. Компьютерлер ескі. Техникалық жаб­дықтар, Wi-Fi құрылғылары алын­ғанымен, интернет желісі тар­тылмаған. Шектеулі интернетті тек информатика пәнінің мұғалімдері қолдана алады. Wi-Fi желісіне қо­сылған мектептер де бар.

– Мұндайда ауылдарға интер­нет­сіз жұмыс істейтін цифрлы ресурс­тарды да қолдануға болады. Ин­тернеті жоқ, шалғайда орналас­қан ауылдардың мектептеріне қазір BilimBook құрылғысы берілуде. Құрылғының ішінде жоғарыда аталған ресурстың барлығы интер­нетсіз жұмыс істей береді, – дейді цифрландыру жүйесінің маманы Ринат Барысов.

– Әрине шалғай ауылдарда ин­тер­нет жылдамдығы төмен. Сондық­тан offline-техноло­гия­ларды қол­данған тиімді. Мысалы, Bilim Media Group компаниясы ұсынған Bilim­Book компьютер-трансформерлері шалғай ауыл­дарға жақсы мүмкіндік, – дейді екінші бір маман.

Ал талшықтық-оптикалық бай­ланыс желісіне қосылған Шақат ауылы облыс орталығына жақын орналасқан. Шалғайдағы ауыл емес. Мүмкіндігі жеткілікті. Министр Асқар Жұмағалиев Шақат ауы­лындағы мектептегі кең жолақты интернет желісінің қалай жұмыс істейтінін көрді. Шақат ауылы мұға­лімдерінің айтуынша, әр кабинетте кең жолақты ғаламтор пайда бол­ған. Жоғары жылдамдықты интер­нетке қосылғалы жұмыс та оңтай­ла­ныпты. Жаңа оқу жы­лы қарсаңында мұға­лімдер автор­лық ғылыми және білім беру бағ­дарламаларын әзірлеген.

– Еліміздің ауылдарын кең жо­лақты интернет желісі­мен қам­тамасыз ету жобасы «Цифр­­лы Қазақстан» бағдарла­масы ая­сын­да жүзеге асырылуда. Теле­ком­муни­кация инфрақұрылымы шал­ғайдағы ауылдардағы әлеуметтік сала нысандарын, мемлекеттік мекемелерді жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз етуге бағытталған, – деп атап өтті Асқар Жұмағалиев.

Дереккөз: egemen.kz.