​Цифрлық активтер: криптоалаяқтардың құрығына түсіп қалмаңыз

0
1 705

Оларды цифрлық активтерге инвестициялармен байланысты тәуекелдер де тоқтатпайды.


​Цифрлық активтер: криптоалаяқтардың құрығына түсіп қалмаңыз

Ақшасын криптовалютаға салып жатқан адамдардың саны күннен күнге өсуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оларды цифрлық активтерге инвестициялармен байланысты тәуекелдер де тоқтатпайды. Алаяқтардың назарынан криптовалюта нарығы да тыс қалған жоқ, олар азаматтарды алдау үшін бар ресурстарды пайдаланады. Криптовалютамен байланысты алаяқтықтықтың кең таралған түрлері жөнінде бірер кеңес.

Криптоалаяқтық деген не?
Криптовалютамен байланысты алаяқтықтық кез келген басқа қаржылық алаяқтыққа ұқсайды, алайда олардың мақсаты – «фиат ақша» деп аталатын жай ақша емес, цифрлық валюта.
Қаскүнемдер адамның криптоәмиянын бұзумен схемалар ойлап табады немесе төлем ретінде алдау арқылы «криптаны» шығаруға тырысады. Мұндай схемалардың айырықша белгісі – криптовалютаны фиат ақшаға тез айырбастау және транзакция жүргізу үшін өзге қосымшаларды пайдалану.
Осындай айла-шарғылардың кейбір түрлерін толығырақ қарастырайық.
Фишингтік айла-шарғы
Алаяқтар криптовалютамен сауда-саттық жүргізу үшін жалған платформалар жасайды, олардың мақсаты – криптокілттермен бірге есептік жазбаның деректеріне қол жеткізу.
Криптофишинг – бұл интернет-алаяқтық түрі, онда алаяқтар сіздің криптоәмияныңыздан активтерді есептен шығару басталды деген хабарламалар жібереді. Егер оны сіз жасамаған болсаңыз, онда дереу транзакцияны тоқтату үшін сілтеме бойынша өтіңіз дейді. Сілтеме жалған сайтқа апарады, мұндай сайт инвестордың есептік жазбасының деректерін жинайды. Қажетті дербес және төлем деректері қаскүнемдердің қолына түсе салысымен олар сіздің шоттарыңыздан барлық цифрлық активтерді жымқырады.
Жалған қосымшалармен алаяқтық
Криптовалюталық платформалар – бұл бағдарламалық қамтылымның бір түрі ғана, ал бағдарламалық қамтылым үнемі жаңартуларды қажет ететіні белгілі. Мұны алаяқтар пайдаланады, олар ресми дүкендерде, мысалы, Play Market-те орналастыратын жалған қосымшалар жасайды.
Оларды жүктеп алып, криптовалюта ұстаушылар өздерінің крипто кілттерін аша алады. Мұндай жалған қосымшаларды ресми дүкеннің әкімшілері тез анықтайды және жояды, алайда олар инвесторларға зиян келтіріп үлгереді.