Киберқылмыскерлер құпиясөздерді бұзу, сонымен қатар сіз және сіздің картаңыз туралы ақпарат алу үшін күрделі заманауи технологияларды қолданады.
Алаяқтардың құрбанына айналмас үшін және өзіңіздің идентификаттау деректеріңізді қорғау үшін мобильдік банкингте, электрондық поштада, әлеуметтік желілердегі аккаунттарда және сан алуан сайттардағы аккаунттарда өз жеке кабинетіңізге бірегей, сенімді және әр түрлі құпиясөздер жасау маңызды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Fingramota.kz бірнеше пайдалы ұсыныстар береді.
Киберқылмыскерлер құпиясөздерді бұзу, сонымен қатар сіз және сіздің картаңыз туралы ақпарат алу үшін күрделі заманауи технологияларды қолданады. Мысалы, бұл пайдаланушылардың құпиясөздерінде қолданылатын үлгі сөздерді қамтитын, кіріктірілген құпиясөз сөздіктері бар бағдарламалар не брутфорс-алгоритмдердің көмегімен символдардың сан алуан түрлерін сұрыптайтын бағдарламалар болуы мүмкін – бұл біреудің құпиясөзін табуды көздейтін автоматтандырылған әрекет.
Алаяқтар өздерін беделді және танымал ұйымдардың қызметкерлері ретінде таныстыра отырып, фишинг-шабуылдарды жиі ұйымдастырады.
Олар әлеуметтік инженерия әдістерін қолданып, пайдаланушылар құпия деректерді өз еркімен беру үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды.
Қаскүнемдер клон-сайттар жасайды немесе олардың көмегімен қажетті мәліметтерді ұрлау мақсатында азаматтардан зиянды қосымшаны жүктеуді өтінеді. Алаяқтықтан қорғану тәсілдерінің бірі күрделі, мысалы, сұрыптау әдісімен жасалған құпиясөздер болып табылады оларды бұзу оңай емес.
Сондықтан интернеттегі деректердің қауіпсіздігіне көбірек назар аударған жөн және Serik26091983 немесе Osen12345 сияқты жеңіл құпиясөздерді орнатпау керек.
Құпиясөз қандай болуға тиіс?
Бірінші кезекте, ол кем дегенде 12 символдан тұруы тиіс. Және де онда түрлі регистрлердегі сандар мен әріптер ғана емес, сондай-ақ түрлі символдар болуға тиіс. Мысалы: 5Gts@_BNp8l$. Символдардың орналасуы ешқандай да бір әдіске сәйкес келмеген кезде мұндай құпиясөзді білу қиынға түседі.
Екінші кезекте, құпиясөзді жиі, айына бір рет немесе тоқсанына бір рет ауыстырып отыру қажет.
Үшіншіден, құпиясөзді құрастырған кезде оның қайталануына жол бермеңіз, яғни ол бірегей болуға тиіс. Сондай-ақ, кейбір пайдаланушылар барлық жерде бір ғана құпиясөзді қолданып, үлкен қателік жібереді – оны бұзған алаяқтар басқа сайттардағы сіздің деректеріңізге қол жеткізе алады.
Мұндай құпиясөздерді қалайша есте сақтауға болады?
Күрделі құпиясөздерді үнемі ауыстырып отыру және есте сақтау өте қиын. Ол үшін арнайы онлайн-құралдарды қолдануға болады. Мәселен, сандар, әріптер мен символдардан бірегей комбинациялар жасау үшін алгоритмдерді қолданатын кездейсоқ құпиясөздерді ойлап шығарушылар-генераторлар. Алайда, бұл жерде іздеген барысында алғашқы табылған сервисті емес, тексерілген сервистерді пайдаланған маңызды. Себебі белгісіз онлайн-сервистерді қолданған кезде алаяқтыққа тап болу тәуекелі бар.
Сенімді құпиясөзді жасағаннан кейін оны ұмытпау үшін сақтап қою керек. Ешбір жағдайда оны телефонға, қағазға және компьютерге жазбаңыз.Құпиясөздерді сақтау үшін қауіпсіздіктің жоғары деңгейі бар арнайы бағдарламалар бар.
Құпиясөздерді жасау және одан әрі пайдалану туралы бес кеңес:
1. Ешбір жағдайда құпиясөздерде өз атыңыз, тегіңіз, туған күніңіз сияқты жеке ақпаратты пайдаланбаңыз.
2. Құпиясөздерде 123456 немесе qwerty сияқты пернетақталар тізбегін пайдаланбаңыз.
3. Құпиясөздерді кем дегенде үш айда бір рет жаңартып отырыңыз.
4. Құпиясөздерді еш жерде жарияламаңыз және ешкімге, әсіресе SMS, WhatsApp, Telegram және электрондық пошта арқылы жібермеңіз.
5. Антивирусты жаңартуды және екі факторлы аутентификацияны қолдануды ұмытпаңыз. Бұл жағдайда қызметтерге қол жеткізу үшін сізге SMS арқылы жіберілетін қауіпсіздік коды қажет.