Әлем әйелдері ҚАНДАЙ КӨЛІКТЕРГЕ қызығады?

0
2 116

Қыз-келіншектерге көлік сыйлағыңыз келсе, осы кеңестерге құлақ түріңіз.


Әлем әйелдері ҚАНДАЙ КӨЛІКТЕРГЕ қызығады?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Бүгінде көптеген қыз-келіншек қатардан қалмай, көлік тізгіндеп жүр. Сондай-ақ, кез келген арудың автомобиль мінгісі келетіні де жасырын емес. Сол себепті, ертең «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күн» қарсаңында бүгінгі автонарықтағы әйелдерге сай келетін көліктердің тізімін ұсынып отырмыз.


ӘЙЕЛДЕРГЕ КӨЛІК ТАҢДАЙТЫН КЕЗДЕ МЫНАЛАРҒА МӘН БЕРІҢІЗ:

  • Көлік көпфункционалды және басқаруға оңай болуы керек. Яғни басқаруды жеңілдететін рульдік басқару, ABS сатылы тежеу жүйесі сияқты функциялар болғаны абзал.
  • Қауіпсіз.
  • Техникалық қызмет көрсету арзан және сенімді болуы қажет. Себебі көптеген әйел тіпті дөңгелектерді өздері ауыстырмайды, қозғалтқышпен араласпайды, майды ауыстырмайды. Сондықтан автомобиль мүмкіндігінше сенімді, үнемді және техникалық қызмет көрсету оңай болғаны жөн.
  • Ыңғайлы. Барлық адам жайлылықты жақсы көреді, бірақ қыздар үшін бұл өте маңызды критерий. Жайлылық ұғымы әртүрлі параметрлерді қамтиды – ыңғайлы орындық, эргономикалық басқару панелі, сапалы материалдар, дизайн, климаттық бақылау және т.б.


ЕНДІ ӘЙЕЛДЕРГЕ АРНАЛҒАН ЕҢ ЖАҚСЫ 10 АВТОКӨЛІККЕ КӨШЕЙІК


Volkswagen Golf

Volkswagen Golf қыздарға арналған ең жақсы көліктердің барлық сипаттамаларын біріктіретін көлік. Ыңғайлы, кең, багажы үлкен және бағасы қолжетімді.


Audi A3

Audi компаниясы 2020 жылғы қолайсыз эпидемиялық жағдайға қарамастан әйелдерге арналған Audi a3 көлігін нарыққа шығарды. Бұл көлікте бірнеше кемшілік болғанымен, қыз-келіншектердің қалауына сай келетін сипаттамаларға ие.


Mazda CX-3

Қыздарға арналған Mazda-CX-3 көлігі әйелдерге ұнайтын ең жақсы автомобильдердің түрлі рейтингтеріне енгізілген. Өйткені, бұл кроссовер шынында да барлық критерийлерге сәйкес келеді.

Suzuki Grand Vitara

Suzuki Grand Vitara көлігі де стандартты жиынтығының арқасында қыздарға арналған ең жақсы көліктер тізімінен сенімді орын алады. Бұл салоны кең манам маневрлі кроссовер. Жоғары клиренсі қыздарға тек қала жолдарымен ғана емес, сапасы нашарлау ауылдық жолдармен де кедергісіз жүруге мүмкіндік береді.


Tesla 3

Қуатты, жеңіл, басқарылуы оңай және техникалық қызмет көрсету тұрғысынан қарапайым Tesla 3 әр әйелге ұнайды.

Toyota Camry

Toyota Camry қыздарға арналған қуатты, стильді көлік. Сондықтан автомобиль тек ерлер арасында ғана емес, сонымен қатар әйел жүргізушілер арасында да танымал. Тойота көптеген әйелдерге ұнайтын жайлылық пен жоғары сапа ұсынады.


Hyundai Tucson

Hyundai Tucson қыздарға арналған тамаша бюджеттік нұсқа. Көлік әйелдерге өте ыңғайлы, қолайлылық үшін барлық мүмкіндік жасалған. Сенімділік және қауіпсіздік бағыты бойынша да жоғары стандарттарға сәйкес келеді.


BMW i3

BMW i3 қыздарға арналған сапалы неміс электромобильі. Көлік инновациялық технологияны, тұрақтылықты, жайлылықты, сенімділікті және тамаша сапаны біріктіреді.

Mini Cooper

Әйелдерге арналған шағын Mini Cooper көлігі әрқашан және барлық жерде сұранысқа ие. Өйткені ол ретро стиліндегі дизайнға ие және басқа заманауи көліктерге ұқсамайды. Кішкентай болса да, өте жылдам көлік. 9 секундта 100 км/сағ жылдамдыққа жете алады және максималды жылдамдығы 200 км/сағ-ты құрайды.

Mazda 3

Қыздарға арналған Mazda 3 буынының моделі өз класындағы ең стильді, сенімді, технологиялық тұрғыдан жетілдірілген және қауіпсіз көліктердің бірі болып саналады.

Әлемдегі сұлулық символы болып саналатын қыз-келіншектер мен аяулы аналарға қандай сыйлық жасасаңыз да артықтық етпейді!


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


ӨТЕ ҚАУІПТІ: Бензин багындағы су қайдан пайда болады? Зияны көп пе?


Көлігіңіз болса, осындай құрылғылар алған жөн