Әлемдегі ең қауіпті автокөліктер (антирейтинг)

0
3 488

Сіздің автокөлігіңіз қаншалықты қауіпсіз? Мүмкін, бұл туралы көп ойланбаған да шығарсыз. Сондықтан, бүгінгі мақалада осы сұраққа байланысты әлемдік жол қауіпсіздік қызметі жүргізген зерттеудің нәтижесін ұсынамыз.


Әлемдегі ең қауіпті автокөліктер (антирейтинг)

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Барлық жүргізушілер кейбір көлік үлгілерінің ықтимал қаупін білуі тиіс. Ол өзін және жақындарын қайғылы жағдайдан сақтандыруға көмектеседі. Сонымен, антирейтингті бастайық.


Kia Rio


Kia Rio көлік өндіруші компаниясының 2011 жылы сатқан 1 миллион көлігінің 149-ы апатқа ұшырап, қайғылы жағдайға себеп болған екен. Бұл әлемдегі барлық автокөлік маркаларының ішіндегі ең жоғары антикөрсеткіш болып есептеледі.


Nissan Versa

Ал, Nissan Versa хэтчбэгі апатқа ұшырау жағынан екінші орында тұр. Бұл көліктің бір жылда сатылған миллион данасының 130-ы ауыр апатқа ұшыраған. «Апаттардың себебі – тез коррозияға ұшырау және үлкен жылдамдыққа шыдамау», - деп мәлімдейді зерттеушілер. Сондай-ақ, тұтынушылар тарапынан көліктің құрылымына қатысты да көптеген шағымдар тіркелген.


Chevy Corvette

АҚШ-тың бұл көлігі апатқа жиі ұшырауы және тарихта қалған өте көп сатылымымен ерекшеленеді. Бірақ, «іс жүзінде көптеген апаттар көліктің ақауынан емес, жүргізушілердің кінәсінен болған», - дейді зерттеушілер. Өйткені, көлік жылдам жүру үшін жасалған және апаттар адамдардың жоғары жылдамдықты басқара алмауына байланысты орын алған. Бүгінгі таңда аталған көлік жүргізушілік тәжірибесі аз адамдарға сатылмайды.


Hyundai Accent

Hyundai Accent әлемнің ең қауіпті автокөліктерінің бестігіне алғаш рет еніп отырған жоқ. Әлемдік жол қауіпсіздік қызметі зерттеуінің мәлімдеуінше, купе және седан үлгілерін қоса есептегенде Hyundai Accent-тің миллион данасының 206-ы апатқа ұшырайды екен. Кейбір сарапшылар: «Бұл көліктің корпусын жасау үшін өте сапасыз қорытпаны қолданады. Егер, ол аударылатын болса, ішіндегі адамдардың тірі қалуы екіталай», - дейді.


Ford Pinto

Ford Pinto автокөлік индустриясының дамуына серпін беріп, мол сұранысқа ие болған «темір тұлпардың» бірі. Тіпті, өндірушілер бір кездері сұраныстың көптігіне орай көліктің бағасын да төмендеткен. Бірақ, бір кемшілігі – Pinto-ның жанармай багы қысқа тұйықталулардың әсерінен жиі жарылып, біраз адамдардың өмірін қиған. Кейіннен, осы олқылыққа байланысты тұтынушылар тарапынан арыз-шағымдар түсіп, «хит» автокөлік нарықтан түбейгейлі аластатылды.


Chevy Aveo

«Шевроле-Авео» антирейтинг бойынша ең қауіпті седандар арасында 4-ші және универсалдар арасында 14-ші орында тұр. Алайда, бұл көлік апатқа ұшырағаннан кейін бірде-бір өлім жағдайы тіркелмеген және орын алған апаттарға адамдардың кінәсі болмаған.


Chevy Camaro

Бұл автокөлік мол сұранысқа ие, бірақ жүргізуші тәжірибелі болмаса, өзіне қауіп төнуі мүмкін. Өйткені, 250-290 км/сағ. жылдамдықпен жүре алатын көлікті басқару өте қиын және көбіне апатқа жүргізушілердің қателігі себеп болады екен. Орташа есеппен 1 миллион Chevy Camaro-ның 80-і ауыр жағдайдағы апатқа ұшырайды.


Toyota Yaris


Жапондық Toyota Yaris көлігі бірінші кезекте өндіруші компанияның нағыз сәтсіз туындысы. Компанияның арзан әрі үнемді автокөлік жасамақ ойы қауіпті көлікке айналған. Бұл көліктпен апатқа ұшыраудың соңы қайғылы жағдайға душар етуі әбден мүмкін.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Орындыққа арналған "чехолды" қолдан тігіп алуға болады


Peugeot әлемді мойындататын жаңа көлік шығарып жатыр