Сәтқалиев АЭС-ке атау бергендерді нысанның “ата-анасы” деп атады

0
42

Жеңімпаздарға сертификаттан басқа ақшалай сыйлықтар берілмейді.


Сәтқалиев АЭС-ке атау бергендерді нысанның “ата-анасы” деп атады

ERNUR.KZ. Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Ақорда кулуарында бірінші АЭС-ке атау бергендерді нысанның “ата-анасы” деп есептелетінін айтты, деп жазады baq.kz.

АЭС атауын анықтауға қатысты өткен конкурсқа бірде-бір теңге жұмсалған жоқ, біз үлкен қолдау алдық, - деді Сәтқалиев.

Агенттік басшысының сөзінше, жеңімпаздарға сертификаттан басқа ақшалай сыйлықтар берілмейді.

Сертификат жақын уақытта электронды үкімет порталында орналастырылады, онда бұл атауды ұсынған адам осы энергетикалық нысанның атауының авторы екені көрсетіледі.

Конкурсқа қатысу қағидасы азаматтардың жеке қатысуын көздеді. Менің ойымша, осындай үдеріске қатысудың өзі ішкі қанағат пен өзінің үлесі мойындалғанын сезінуге жеткілікті. Бұдан бөлек, қазақтарда балаларға ат қою дәстүрі өте маңызды болған. Бұған өте байыппен қараған. Әдетте рудың басы немесе қариясы баланың атының мәнін, тарихи астарын қарап таңдаған. Яғни энергетикалық нысанға ат беру – ата-ананың қолдауы сияқты ерекше рухани мәнге ие. Сондықтан бұл станцияға ат қойған адамдар – осы энергетикалық нысанның бір жағынан “ата-анасы” деп есептейміз, – деді ол.