Қазақстанда полицейлерге жол жиегінде көлікті ала таяқпен тоқтатуға қайта рұқсат беріледі

0
89

2013 жылы тәртіп сақшыларына осы мүмкіндік тыйым салынған еді.


Қазақстанда полицейлерге жол жиегінде көлікті ала таяқпен тоқтатуға қайта рұқсат беріледі

Фото: Ішкі істер министрлігі
ERNUR.KZ. Ішкі істер министрлігі полиция қызметкерлеріне жол жиегінде тұрып, ереже бұзған көліктерді ала таяқпен тоқтатуға қайта рұқсат беретін ескі норманы қалпына келтірді. Өзгеріс 12 жылдан кейін енгізіліп отыр, деп жазады Stan.kz.




2013 жылы тәртіп сақшыларына осы мүмкіндік тыйым салынған еді. Енді жаңа ережеге сәйкес, патрульдік полицейлер қызметтік көлік немесе мотоциклден бөлек арнайы орындарда тұрып, ереже бұзғандарды тоқтата алады. Сонымен қатар жүргізуші мас немесе шаршаңқы көрінсе, көлікті немесе жүкті тексеруге, техникалық жағдайын бақылауға құқылы.

ІІМ хабарлауынша, патруль-қызметтің жаңартылған ережелері 28 қарашадан бастап күшіне енеді. Министрлік бұл шара жол қауіпсіздігін күшейтіп, полиция қызметінің тиімділігін арттырады деп есептейді.

Автосарапшы Арсен Шақуов жаңа норманы қолдайды, өйткені бұрын патрульдік полицейлердің қызметі шектеліп, жолда тәртіп бұзушылар көбейген. Ал кейбір жүргізушілер ескі ереженің қайтарылуы жемқорлыққа жол ашуы мүмкін деп алаңдайды.

"Полицейлерге ала таяқ ұстауға тыйым салу асығыс шешім болды. Бұл жолдағы тәртіп бұзушылардың көбейуіне себеп болды. Енді стационарлық бақылаудың оралуы полиция қызметін тиімді етеді", – деді автосарапшы Арсен Шақуов.