Жүкті әйел көлікті ҚАЛАЙ ЖҮРГІЗУІ КЕРЕК?

0
856

Маңызды кеңестерді ойға түйіп алыңыз!


Жүкті әйел көлікті ҚАЛАЙ ЖҮРГІЗУІ КЕРЕК?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Қазіргі заманның көліктері ыңғайлы, тіпті жүкті әйелдер де көлікті еш қиналмай жүргізе алады. Сонымен қатар, әйел де, болашақ бала да өздерін жайлы және қауіпсіз сезіне алады.


Жүкті әйел көлік жүргізгенде мынандай артықшылықтар болады:

қоғамдық көлікке қарағанда жүкті әйел жүргізген көлікте суық тию немесе басқа инфекцияны жұқтыру қаупі төмен болады;

қозғалыс ыңғайлылы болады;

автокөліктің кондиционерін үнемі жөндеп, қажетті сұйықтығын толтырып отырсаңыз, ауа тұрақты түрде таза болады;

тоқтап, демалу мүмкіндігі көп болады;


Кемшіліктер тізіміне кептеліске түсу ықтималдығы және көлік жүргізу кезіндегі тұрақты кернеу жатады. Кейбір жүкті әйелдер көлік жүргізгенде келесі қарсы көрсеткіштер орын алуы мүмкін:

тұрақты токсикоз;

түсік тастау қаупі;

мерзімінен бұрын босану қаупі;

жоғары қан қысымы;

анемия;

эмоционалдылықтың жоғарылауы.


Автокөлікке әуес немесе тұрақты түрде көлік басқарып жүрген жүкті әйелдерге келесі ұсыныстарды орындауға кеңес береміз:

Қыста көлік жүргізу тәжірибесі аз болса, ұзақ сапарлардан бас тартыңыз.

Егер жүктілік мерзімі көп болса, шаршау да тез болатынын ұмытпаңыз, сондықтан рульде ерекше сақ болыңыз.

Қалалық жолдарда 60 км/сағ және үлкен автомобиль жолдарында 90 км/сағ жылдамдықтан аспаңыз.

Қауіпсіздік белдігінің төменгі бөлігін ыңғайлы болу үшін іштің астынан өткізіңіз. Автокөлік дүкенінен жүкті әйелдерге арналған арнайы модель сатып алыңыз.

Токсикоз қаупін азайту үшін салонда хош иістендіргіштерді қолданбаңыз.

Көліктегі музыка тыныш және жағымды болуы керек.

Жүргізуші орындығын аптасына бір рет реттеп, руль мен іштің арасында 15 см бос кеңістік қалдырыңыз.

Көлік құралын үнемі тексеріп отырыңыз.

Егер сапар бір сағаттан астам уақытты алса, демалу және сергу үшін 15 минуттық аялдама жасаңыз.


Бұл қарапайым кеңестерді естен шығармасаңыз, сізге тек жағымды эмоциялар сыйлайды.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Көлік КҮНБАҒЫС МАЙЫМЕН ДЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Автомобиль қозғалтқышын жуу туралы НЕ БІЛЕСІЗ?