Әсіпті шотландықтар қалай дайындайды?

0
5 523

Бұл шотландықтардың ұлттық тағамы.


Әсіпті шотландықтар қалай дайындайды?

фото: buzzfeed.com

Шотландтардың бұл тағамы «Хаггис» деп аталады екен. Жасалуы мен құрамы жағынан қазақтың әсібіне өте ұқсас. Жалпы Хаггисті қойдың қарнына қажетті өнімдерді салып жасайды. Сосын үш сағаттай қайнатылып, дастарханға ұсынылады.

Тағамның дәмі кіре түссін десеңіз, болгар бұрышы мен күріш қосуға болады. Сонда шотландтардың ұлттық тағамы өте тойымды әрі дәмді болып шығады. Ендеше, Хаггисті дайындап көрейік.


Қажетті өнімдер:

  • Қойдың тұтас қарны
  • 230 гр. қойдың іш майы
  • 1 дана қойдың бауыры
  • 1 дана қойдың жүрегі
  • 4 дана пияз
  • 200 гр. болгар бұрышы
  • 1 стақан күріш
  • 1-2 ас қасық ас содасы
  • Ұнтақталған қара бұрыш
  • Дәмдеуіштер
  • 1 дана қойдың өкпесі
  • Хош иісті бұрыш.


Дайындалу тәсілі:

Қойдың қарнын тазалап, шайып жуу қажет. Мұны қазақтың барлық қыз-келіншектері жақсы біледі. Сосын қарынды тұздап, 8-10 сағат суға салып қояды.

Қойдың жүрегі, бауыры мен өкпесін, іш майын еттартқыштан өткізеді.

Пиязды майдалап турап, болгар бұрышын текшелеп турау қажет.

Ал, күрішті суға салып, жартылай пісіріп алады.

Содан соң еттартқыштан өткен еттерді, болгар бұрышын, 1-2 ас қасық тұз, азырақ бұрыштарды, дәмдеуіштерді салып, жақсылап араластырады. Осы араласпаға енді күрішті саласыз. Дайын болған фаршты қарынға салып, аузын байлайсыз да, әр жерінен инемен тесіп шығасыз.

Сөйтіп 3 сағат бойы жай отта қайнатасыз. Осы уақыт өткен соң қарынның піскеніне көз жеткізу үшін шетінен кесіп алып, жеп көруге болады. Егер қарын жұмсарған болса, тағам да дайын деген сөз.

фото: chef.kiev.ua

Шотландша әсіп тағамын ыстықтай да, салқын күйінде де жей беруге болады. Дастарханға ұсынарда қызанақтармен әсемдеп, нанмен бірге ұсынасыз.