Пицца - халықаралық тағамдардың бірі.
Қай тілде жазылса да пицца сөзін оқып, дәл осы тағам екенін білуге болады. Тіпті, шетелдегі асханалар мен мейрамханалардың көбінен пиццаны табу қиын емес. Сол себепті де болар пиццаның түрі өте көп. Оны сүйіп жейтіндердің саны да жетерлік.
Қажетті қоспалар:
- 500 гр. ұн
- 10 гр. ашытқы
- 25 мл өсімдік майы
- 1 шай қасық тұз
- 1 шай қасық қант
- 250 мл су
- 700 гр. фарш
- 1 дана пияз
- 1 банкі үккіштен өткізілген қызанақ
- 120 гр. ірімшік
Дайындалу тәсілі:
- Ең алдымен пиццаның қамырын дайындап аламыз. Ол үшін табаққа жылы су құйып, тұз, қант, өсімдік майын қосып, жақсылап араластырамыз.
- Осы араласпаға аз-аздан ұнды сала отырып, қамыр илеп аламыз. Сосын қамырдың сыртынан кленкамен орап, оның сыртынан матамен орауға болады.
- Осылай қамыр бір сағат тұруы керек.
- Енді пияздың қабығын аршып, қыздырылған майға салып, қуырамыз. Содан соң осы қуырылған пиязға фарш, тұз, бұрыш салып, жақсылап араластыру керек. 7-10 минуттан кейін үкккіштен өткізілген қызанақты саламыз.
- Дайын қамырды екіге бөліп, төртбұрышты сопақша қалыпта жаямыз. Енді қамырдың ортасына салманы салып, жан-жағын қайырып шығамыз. Қамырдың шет-шетін қалай орасаңыз да өз еркіңіз. Екінші пиццаны да дәл осылай дайындап аламыз.
- Пешті 180 градусқа қойып қыздырып, пиццаларды табаға саламыз да, 15-20 минут ұстаймыз. Осы уақыт аралығында пиццалар қызара бастайды. Табаны пештен шығарып, пиццалардың бетіне үккіштен өткізілген ірімшікті себелеп, қайтадан пешке саламыз. 7-8 минутта пиццамыз да пісіп шығады.
Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:
Қолжетімді қоспалармен дайындалатын торт