Бұл тортқа қымбат қоспаларды қосудың қажеті жоқ.
Торт пісіру үшін кем дегенде 5-6 мың теңге қажет екенін білесіз ғой. Бірақ бүгін біз өте қолжетімді торт мәзірін ұсынбақпыз.
Қажетті қоспалар:
- 1 дана жұмыртқа
- 1 стақан қант
- 1 стақан ұн
- 1 стақан айран
- 1 шай қасық ас содасы
- 40 мл өсімдік майы
- 2 ас қасық какао
- 300 гр. қайнатылған сгущенка
- 300 гр. қаймақ.
Дайындалу тәсілі:
- Тортты дайындау үшін бір дана жұмыртқа мен қантты жақсылап араластырамыз. Содан соң 1 стақан айранға 1 шай қасық ас содасын салып, көпіршігеннен кейін жұмыртқа мен қант араласпасына қосамыз.
- Ұн мен какаоны араластырып, оны да сұйық қоспаларға саламыз. Өсімдік майын құйып, барлығын жақсылап араластыру керек.
- Дайын болған сұйық қамырды формаға құйып, 180 градусқа қыздырылған пеште пісіріп аламыз.
- Торттың арасына жағатын кремді дайындайық. Ол үшін қаймақ пен қойылтылған сүтті араластырсақ болғаны. Піскен коржды бірдей үш бөлікке бөліп, арасына крем жағамыз. Торттың сыртына да крем жағып, жан-жағына піскен коржды ұнтақтап, бетіне себелейміз.
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ
Картоп езбесі қосылған тойымды құймақ