​Картоп езбесі қосылған тойымды құймақ

0
878

Картоп езбесімен құймақ өте дәмді боп шығады.


​Картоп езбесі қосылған тойымды құймақ

Қажетті өнімдер:

  • Дайын құймақтар
  • 70 мл өсімдік майы
  • 450 гр. картоп езбесі
  • 2 дана жұмыртқа
  • Көк пияз
  • Дәмдеуіштер
  • Тұз, бұрыш қосылады.


Дайындалу тәсілі:


Ең алдымен қарапайым әдіспен құймақтарды пісіріп аламыз. Болмаса дайын құймақтарды сатып алып пайдалансаңыз да болады.

Құймаққа салма ретінде картоп езбесін дайындаймыз. Ол үшін алдымен картопты қайнатып пісіріп, езбе жасаймыз. Жұмыртқаны да қайнатып, суыған соң үккіштен өткізіп алу қажет. Сосын картоп езбесі мен үкккіштен өткізілген жұмыртқаны араластырамыз. Осы араласпаға майдалап туралған көк пиязды, жұмыртқаны, дәмдеуіштер мен тұз, бұрышты салып, жақсылап араластырамыз.

Енді құймақтың бір шетіне 2 ас қасық салманы салып, ораймыз. Осылайша барлық құймақтарға салманы салып, жақсылап орап шығу керек.

Ал, дастарханға ұсынарда оралған құймақтарды сары майға бір қуырып аламыз. Бетіне аскөкті себелеп әсемдеуге де болады.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Шайға арналған тәтті күлше


Балықтан ерекше котлет мәзірі