​Қамыр ішінде піскен ҚУЫРДАҚ

0
5 336

Қуырдақ тағамын қамырдың ішіне салып та дайындауға болады екен!


​Қамыр ішінде піскен ҚУЫРДАҚ

Қуырдақты аңсамайтын, сүйіп жемейтін қазақ жоқ шығар! Егер әрі қуырдақ, әрі тандыр самса жегіңіз келсе, осы тағамды дайндап көріңіз. Бұл ерекше тағамды фуд-блогер Смаилова Тұрсын @tanya_tagam ұсынған болатын.

Қажетті азық-түліктер:

Қамырға:

  • 500 гр. ұн
  • 200 мл су
  • 60 гр. сары май
  • 1 шай қасықтұз.
Салмасына:


  • 400 гр. ет
  • 90 гр құйрық май
  • 2 дана ірі картоп
  • 2 дана пияз
  • тұз, қара бұрыш,
  • Кез келген өзіңізге ұнайтын дәмдеуіш қосуға болады.

Дайындалу тәсілі:

  1. Алдымен суға тұз салып, майды ерітіп қосамыз. Сосын ұн салып, жұмсақтау қамыр илейміз. Иленген қамырды пакетке салып қою керек. 20 минуттан кейін қамырды 4 бөлікке бөліп, қайтадан пакетке саласыз да, 10 минут қоя тұрамыз.
  2. Енді салмасын дайындап алайық. Ол үшін ет пен құйрық майды текшелеп тураймыз. Құйрық май болмаған жағдайда қоспаса да болады, оның орнына өсімдік майын қоссаңыз ештеңе етпейді.
  3. Пияз бен картоптың қабығын аршып, көкөністерді де текшелеп турау керек. Сосын дәміне қарай тұз, бұрыш, дәмдеуіш қосып, барлығын жақсылап араластыру керек.
  4. Енді қамырды алып, оны бір үлкен және бір кіші бөлікке бөлеміз. Сосын осы қамырды дөңгелектеп жайып, кесеге саламыз да, ішіне салманы саламыз. Қамырды самсаны түйгендей етіп түйіп, төңкеру керек.
  5. Содан соң кішірек қамырдан ұзынша спираль және домалақ қамыр жасаймыз. Қамырдың бетіне спиральды видеодағыдай дөңгелектеп қоямыз да, шарикті ұстауға ыңғайлы етіп жабыстырамыз.
  6. Пешті 180-200 градусқа дейін қыздырамыз. Қамырдың бетіне жұмыртқаның сары уызын жағып, 1 сағатқа пешке салып пісіреміз. Осы уақыт аралығында қамыр ішіне салынған қуырдағымыз да дайын болады.
ERNUR.KZ



ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Қызылордалық фуд-блогер «ХОЖЕЛІ манты» мәзірін ұсынады (видео)


Қысқы мәзір: табада піскен мандарин пирогы