Қарбыз бен жидектерден жасалған дәмді десерт

0
1 240

Сіз мұндай десертті бұрын жасамағаныңызға кепілдік бере аламыз! Ал біз ұсынған мәзір бойынша дайындасаңыз, өте әдемі шығары сөзсіз.


Қарбыз бен жидектерден жасалған дәмді десерт


Қажетті қоспалар:

  • 2 кг қарбыз
  • 700-800 гр. жеміс-жидектер (қара жидек, қызыл қарақат, құлпынай, қара қарақат, таңқурай және т.б.)
  • 50 гр. желатин
  • 500 мл су
  • 2-3 ас қасық қант.


Дайындалу тәсілі:

  1. Ең алдымен бізге десертті салуға арналған ыдысты дайындап алу керек. Ол үшін қарбыздың бір басын дөңгелектеп кесіп алып, қасықпен ішіндегісінің бәрін қырнап алып тастаймыз. Қызыл етінің бәрін алу керек. Сосын ішін қағаз майлықпен құрғатып сүртеміз.
  2. Жеміс-жидектерді тазалап жуып, барлығын осы қарбыздың ішіне саламыз да, қарбызды сілкіп жеміс-жидектерді араластырып аламыз. Содан соң 50 гр. желатинді кесеге салып, су құйып, біраз уақыт көпсігенін күтеміз. Осы уақыт аралығында сироп дайындап алуға болады.
  3. Сиропты дайындау үшін 500 мл суға 2-3 ас қасық қант салып, қайнатамыз. Сироп суығаннан кейін желатинді қосып, жеміс-жидектер толы қарбызға құямыз. Сиропты құймас бұрын жеміс-жидектерді араластырып алу керек. Ол үшін қарбызды көтеріп, шайқасақ болғаны. Сосын сиропты құямыз да, қарбыздың кесіп алынған бөлігін бетіне жауып, 5-6 сағат тоңазытқышқа салып қоямыз.
  4. Дәмді әрі пайдалы жаздық десерт те дайын болды. Қарбызға салынған жеміс десертін қауын-қарбызды тіліктегендей етіп кесіп, жей беруге болады.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Екінші тағам орнына жеуге болатын тойымды құймақтар