Күні бойы күш-қуатыңызды тасытатын 10 минуттық СУПЕР жаттығу

0
3 745

Бұл бір күндік тренингі 650-3000 доллар​ тұратын Тони Роббинстың авторлық тыныс алу жаттығуы.


Күні бойы күш-қуатыңызды тасытатын 10 минуттық СУПЕР жаттығу

фото: st4.depositphotos.com

Күніңіздің қалай өтпегі сағат қаншада оянғаныңызға емес, оның қалай басталғанына байланысты. Ал сіздің әр күніңіз қалай басталып жүр?

Бүкіл әлемге есімі белгілі мотиватор, мультимиллионер Тони Роббинс күнін қуаттандыратын тыныс алу жаттығуымен бастайды екен. Жаттығуды «Капалабхати Пранаяма» йога жаттығуларының негізіне сүйене отырып құрастырған.

Орындауға небәрі 10-ақ минут жұмсалады. Жұмысы көп адам үшін де бұл жаттығуды орындау қиын емес.



Тони Роббинс кім?

Оратор-мотиватор, бизнес-тренер, миллиондаған аудиокурс пен бестселлердің авторы. Оның бір күндік тренингі 650-3000 доллар шамасында тұрады.

Қазақстандық бизнесмендердің, белгілі тұлғалардың көбісі Тони Рббинстың тренингтеріне қатысқан.



ОРЫНДАЛУЫ

Жаттығу 4 техникадан тұрады. Орындықта отырып, көзді жұмып орындайсыз.


1-ТЕХНИКА: Тыныс алу жаттығуы

Орындыққа жайғасып отырыңыз. Арқаңыз орындық арқалығына тиіп тұрсын, яғни омыртқа түзу, кеуде тік болсын.

Мұрынмен еркін тыныс ала отырып, екі қолыңызды бірдей жоғары көтеріңіз. Ауаны мұрынмен (күшпен) сыртқа шығарумен бірге қолдарыңызды иық деңгейіне түсіріңіз. Бұл гирді көтеріп, түсіріп жатқандай болуы керек.

фото: i.insider.com

  • Қолды көтергенде ауа жұтасыз, қолды түсіргенде ауаны сыртқа шығарасыз. Осылай 30 рет қайталаңыз.
  • Алақанды жоғары қаратып, қолдарыңызды тізе үстіне қойып 20 секунд тыныштықты сақтап, бүкіл денені босаңсытыңыз.
  • Тағы да тыныс алу жаттығуын, (қолыңызбен) жылдамырақ 30 рет қайталаңыз.
  • Қолдарыңызды тізе үстіне қойып (алақан жоғары қарап тұруы керек), ойыңызбен бүкіл денеңізді шолып өтіңіз. Терең тыныс алыңыз.
  • Қолдарыңызды жоғары көтеріп, тағы да тыныс алу жаттығуын, 30 рет жылдам қайталаңыз.
  • Қолдарыңызды тізе үстіне қойып, терең-терең тыныс алыңыз. Назарыңызды денеңізге, қандай сезімде отырғаныңызға аударыңыз.



2-ТЕХНИКА: Сәттілікті визуализациялау

  • Көзіңіз жұмулы күйде отырып, алғыс айтатын үш сәтті еске түсіріңіз. Мейлі ол өткен шақта, балалық шақтағы сәт болсын. Немесе өткен аптада, я болмаса бүгін болған бір оқиға болуы мүмкін. Болашақта болатын бір оқиғаға алғыс айтсаңыз да болады.
  • Алғыс айту үшін міндетті түрде үлкен жетістік іздеп әуреленбеңіз. Кішкентай ғана болса да ол сізге қуаныш сыйлауы керек.
  • Тәніңізбен сол сәтке «барыңыз», сезініңіз. Қуаныш сыйлаған сол бір сәттегі сөздерді, әуенді, дыбыстарды дәл қазір естіңіз.
  • Рақат сезіммен еркін тыныс алыңыз. Денеңіздің босаңсуына рұқсат беріңіз. Эмоцияңызды да тежемеңіз, езуіңізге күлкі үйіріліп жымиғыңыз келсе де рұқсат. Алғыс айтыңыз.
  • Енді шынайы түрде алғыс айтқыңыз келетін екінші сәтті еске түсіріп, оны көз алдыңызға елестетіңіз. Ол оқиға бірнеше жыл бұрын болса да дәл қазір, осы жерде болып жатқандай сезініңіз. Алғыс айтыңыз.
  • Үшінші сәтті еске түсіріп, қуаныңыз, сүйіспеншілікке шомылыңыз. Алғыс айтыңыз.



3-ТЕХНИКА: Алғыс айту

  • Енді ойыңызды тыныс алуыңызға шоғырландырыңыз. Мұрынмен ауа жұтқанда ақ түсті алғыс энергиясы басыңыздың жоғары жағынан енгенін елестетіңіз. Алғыс энергиясы миыңызды қуатпен толтырып, сүйіспеншілікке, алғысқа бөлеп жатыр деп ойлаңыз.
  • Алғыс энергиясы кеудеңізге қарай түсіп, ішкі әлеміңіз жымиып, күлімсірегенін сезініңіз.
  • Одан кейін ақ түсті энергия аяқтарыңызға жетіп, табандарыңыз арқылы шыққанын елестетіңіз. Әлгі энергия аспанға көтерілді деп ойлаңыз. Оның қуаты еселеніп, қайтадан басыңыздың жоғары жағынан денеңізге кіріп, бүкіл ағзаңызды қуаттандырғанын ойлаңыз. Ол сізге ғаламат күш беріп, емдеп, зарядтап жатыр.
  • Табандарыңыздан шыққан ақ тсүті энергияны ойша тағы да аспанға көтеріп, қайтадан бүкіл денеңіздің бойымен ойша жүргізіп шығыңыз.
  • Осылай үш рет қайталап, төртіншісінде жүрегіңізді алғыс энергиясымен барынша толтырыңыз. Жүрегіңізден шығарып, алғыс энергиясын жақын адамдарыңызға жіберіңіз.
  • Энергияны қайтадан басыңыз арқылы қабылдап, жүрегіңізге жеткізіңіз. Жүрегіңізден жан-жаққа шашыраған энергияны айналаңыздағы таныс және бейтаныс адамдарға жолдаңыз.
  • Алғыс энергиясын өзгелермен бөліскен сайын күш-қуатыңыздың артып жатқанын елестетіңіз.



4-ТЕХНИКА: Арманды қуаттау

  • Осы қалыпта отырып, болашақта орындалуы тиіс үш арманыңызды ойлаңыз. Армандарыңыздың орындалып қойғанын көз алдыңызға елестетіңіз. Жан-дүниеңізде мереке. Қуаныңыз. Сіз жеңімпазсыз. Үш мақсатыңыздың орындалғаны үшін алғыс айтыңыз.
  • Көзіңізді жұмып отырып, оң қолыңызды алға созып, үш арманыңызды ойша ұстап, сезініңіз.
  • Осы күш-қуатқа, қуанышқа толы қалыпты сақтап, орныңызды тұрып көзіңізді ашыңыз.
  • Бастапқыда жаттығуды орындауға 20 минут жұмсауыңыз мүмкін. Күнде қайталай берген соң 4 техниканы 10-ақ минутта орындайтын боласыз. Жалпы, бірінші техникаға 1 минут, қалған техникалардың әрқайсысына 2-3 минуттан арнаған дұрыс.


ЕГЕР: тыныс алу жаттығуын (1-техниканы) орындау қиындық тудырып жатса, 30 реттен емес, 10 реттен қайталауға болады.



ПАЙДАСЫ

Тони «Мен бұл 10 минуттық жаттығуды күнде таңертең орындап келе жатқаныма қаншама жыл болды. Менің әрқашан қуатым тасып, көңілді, позитвті ойда жүретінім, оңайлықпен шаршай қоймайтыным, бір күнде бірталай істі тындыра алатыным осы таңғы жаттығудың арқасында» дейді. Оның айтуынша, бұл йога жаттығуы бой мен ойды тіпті қорқыныш пен реніштен де тазалайды екен.

Ол тренингіне келген адамға ең бірінші осы тыныс алу жаттығуын үйретеді және әр күнді осы жаттығумен бастауға кеңес береді. Олай болса, сіз де күніңізді осы 10 минуттық супер жаттығуымен бастауды әдетке айналдырыңыз.


Дайындаған: Жазира Смағұлова,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:

ЕКІ-ақ МИНУТ жаттығу жасап, ЖОҒАРЫ ҚАН ҚЫСЫМЫН реттей аласыз


Күнде 1 МИНУТ осы қалыпта ЖАТЫҢЫЗ