Нұр-Сұлтанда карантин режимін бұзған түнгі клуб әкімшісі қамауға алынды

0
707

Клубта түнде сағат 00:00-де адамдар демалып отырған.


Нұр-Сұлтанда карантин режимін бұзған түнгі клуб әкімшісі қамауға алынды

ERNUR.KZ. Елордадағы "Алания" түнгі клубының әкімшісі бірнеше рет карантин режимін бұзғаны үшін екі күнге қамауға алынды, деп жазады Polisia.kz.

"Мобильді топ "Алания" түнгі клубында карантин режимі бұзылғанын анықтады. Бүгін түнде сағат 00:00-де нысанда адамдар демалып отырған.

Нұр-Сұлтан қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен 25 жастағы түнгі клуб әкімшісі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 667-бабы, 2-бөлігі бойынша екі тәулікке қамауға алынды", - дейді полиция өкілдері.

Айта кетейік, қыркүйекте клубтың 25 жастағы әкімшісі бір күнге қамауға алынған болатын.