Соңғы уақытта азаматтар № 083, № 086 анықтамаларын жинаудың қандай қажеті бар екенін айтып жүр. Бұл құжаттар шешім шығаруға еш әсерін тигізбейді.
ERNUR.KZ. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев № 083, № 086 анықтамаларынан бас тартуды ұсынды, - деп жазады Tengrinews.kz.
"Соңғы уақытта азаматтар № 083, № 086 анықтамаларын жинаудың қандай қажеті бар екенін айтып жүр. Бұл құжаттар шешім шығаруға еш әсерін тигізбейді. Оған қоса, осы анықтамалардың заңсыз сатылымы индустрия түрінде дамыған", - деді Шпекбаев Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алқа жиынында.
МҚІСЖҚА басшысы елімізде мемлекеттік қызмет түрлерін одан әрі жақсарту қажеттілігін айтты. "Мен ұсыныстарым осы, қажетсіз құжаттарды қысқартайық", - деді Алик Шпекбаев.