2018 жылдың 1 мамырынан бастап 31 желтоқсанына дейін «Жеңіс» республикалық әлеуметтік және қайырымдылық жобасының аясында Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері Қазақстан бойынша және ТМД елдеріне тегін сапарлар жасай алады.
1 мамырдан бастап Қазақстан ардагерлеріне ТМД-ның кез келген нүктесіне тегін сапарлар ұйымдастырылады, деп хабарлайды 365info.kz.
2018 жылдың 1 мамырынан бастап 31 желтоқсанына дейін «Жеңіс» республикалық әлеуметтік және қайырымдылық жобасының аясында Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері Қазақстан бойынша және ТМД елдеріне тегін сапарлар жасай алады.
«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қоры «Жолаушылар тасымалы» АҚ-мен бірге Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теміржол көлігінің қызметтерін тегін пайдалануға мүмкіндік беретін арнайы акцияның басталғанын хабарлайды.
Акцияның шарттарына сәйкес Ұлы Отан соғысының ардагерлері Қазақстан Республикасы мен ТМД елдеріндегі «Жолаушылар тасымалы» АҚ жүзеге асыратын барлық бағыттар бойынша жол жүруге мүмкіндік алады. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне барлық санаттағы поездардың купе вагондарында, соның ішінде «Туристік» класс вагондарында және «Talgo» поездарындағы мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған купелерден орын бөлінеді.
Бұдан бөлек,
«Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарында Ұлы Отан соғысының қатысушыларына жол жүрі барысында тегін тамақтану қамтамасыз етіледі.
Аталмыш акция бойынша билеттер алу үшін жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы және Ұлы Отан соғысының мүгедегінің немесе қатысушысының куәлігі болуы керек.
ТМД елдеріне бару үшін тағайындалған станцияға дейін және кері қайту сапар құжаттары (билеттер) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан сауда нүктелерінде рәсімделеді.
Соңғы 3 жылдың ішінде дәстүрлі іс-шараға айналған теміржол көлігімен тегін жол жүруді 800 астам адам пайдаланған.
- «Жеңіс» — «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы жүзеге асыратын ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне көмек көрсетуге бағытталған республикалық әлеуметтік және қайырымдылық жоба. Ол 2015 жылы — Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына орай басталып, осымен үшінші жыл қатарынан жүріп жатыр.
- Жобаның басты мақсаты – ардагерлерге тек 9 мамыр ғана емес, жыл бойы қамқорлық жасау. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне көрсетілетін тұрақты атаулы көмек «Жеңіс» жобасы концепциясының моральдық негізгі болып табылады. Жоба аясында еріктілер рейдтері ұйымдастырылып, сондай-ақ жас ұрпақты тәрбиелеуге және тарихты сақтауға бағытталған басқа да іс-шаралар жүзеге асырылады.
- Бүгінгі таңда жоба Қазақстанның 30 қаласында іске қосылған. Бұл ірі қалалар мен облыс орталықтары — Астана, Алматы, Павлодар, Шымкент және т.б., сондай-ақ шағын қалалар, мысалы, Жаңаөзен, Екібастұз, Рудный.