1 маусым Қазақстанда демалыс күні бола ма? – Еңбек министрі жауап берді

0
102

Балаларды қорғау күні демалыс болуы мүмкін бе?


1 маусым Қазақстанда демалыс күні бола ма? – Еңбек министрі жауап берді

ERNUR.KZ. 1 маусым - Балаларды қорғау күні демалыс болуы мүмкін деген болдамға Еңбек министрі жауап берді, деп жазады baq.kz.

Еңбек министрі Асқарбек Ертаев 2026 жылы бұл мәселе күн тәртібінен алынғанын, бірақ оған кейінірек қайта оралуы мүмкін екенін хабарлады.

Қазақстанда жаңа демалыс күнін енгізу тақырыбы қоғамда қайта көтерілгенімен, тез арада шешім қабылданады деп күтудің қажеті жоқ. Жақын арада 1 маусым - Балаларды қорғау күнінде қазақстандықтар үшін қосымша демалыс берілмейді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев биыл бұл мәселе талқылаудан іс жүзінде алынғанын айтты.

Бұл мәселеге бейінді мемлекеттік органдар ортақ ұстанымды әзірлегеннен кейін ғана қайта оралуға болады, - деп жауап берді ол Сенат кулуарында журналистердің сұрағына.

1 маусымды мемлекеттік мереке жасау идеясы 2025 жылы айтылып, тіпті сол кезде Еңбек министрлігі тарапынан қолдау тапқан болатын.

Алайда, кейін ведомстволар арасында талас-тартыс басталды. Нәтижесінде, ұсыныс мақұлданбай, енді тіпті келесі жылға дейін шегерілді.

Сонымен қатар, министрлік бұл идеядан біржола бас тартқан жоқ. Ертаев жаңа мерекеге қатысты қоғамдық сұраныс бар екенін және билік бұл тақырыпқа мезгіл-мезгіл оралып отыратынын аңғартты. Бірақ басты мәселе күннің символикалық мәнінде емес, қаржы мен жұмыс берушілерге түсетін салмақта болып отыр.

Әрбір жаңа демалыс күні - бұл тек тынығу мүмкіндігі емес, сонымен бірге бизнес үшін қосымша шығындар. Сондықтан нақты есептеулерсіз және барлық мүдделі тараптардың келісімінсіз мұндай шешім қабылданбайды, - деп түйіндеді министр.

Осылайша, 2026 жылы Қазақстанда Балаларды қорғау күні әдеттегі жұмыс күні болып қала береді.